Атырау, 28 мамыр 13:35
Кешке ашық+19, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 310.57  € 348.58  P 5.52

Жер телімін сатып алсаңыз, кезегіңіз жойылмайды

18 мамыр 00:00

2007 жылы жер телімін алуға кезекке тұрдым. 2011 жылы жер сатып алып, үй салдым. Осыған орай маған мемлекеттен тегін жер телімін беруден бас тартпай ма? Егер бас тартатын болса, мен өз кезегімді ұлыма ресімдей аламын ба?

Телефон арқылы

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ түсінік берді:

– Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар жер телімі тегін беріледі.

Бұл жағдайда жеке тұрғын ұй құрылысы үшін жер телімдері кезектілік тәртібімен беріледі.

Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер телімдерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.

Азаматтық-құқықтық келісім негізінде алынған жер телімдері мемлекеттен жер телімін тегін алу үшін кедергі болып табылмайды. 

ҚР Жер кодексінде жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін алуға кезекті басқа тұлғаға қайта ресімдеу қарастырылмаған.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

252 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5