Атырау, 19 қараша 02:17
Таңертең бұлыңғыр болады+4, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.38  € 391.28  P 5.55

Қылмыстар хроникасы

18 мамыр 00:00


Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Атырау тұрғыны В.С.-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы («Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау») бойынша үкім шығарды. В.С.-нің Алмагүл ықшамауданында сатып алушы ретінде байланысқан тұлғаға 70 грамм марихуананы сатқаны анықталды. Есірткінің тағы біраз мөлшері оның үйін тінту кезінде табылды. Сот В.С.-ның балалары, Ауған соғысына қатысқаны үшін алқалары, көршілерінен жақсы мінездеме бар екенін ескеріп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

***

Мамырдың 13-де кешкісін Авангардтағы пәтерлердің бірінде екі ер адам 26 жастағы әйелді зорлаған. Күдіктілердің бірі – Авангардтың 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Екіншісінің жеке басы анықталуда, оған іздеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 120-бабының 1-тармағы («Зорлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

***

Атырау қалалық прокуратурасы мониторинг барысында «Вконтакте» әлеуметтік желісінен қолдан жарылғыш құрылғысын дайындауды үйрететін 21 бейнематериалды анықтады. Мұндай «сабақтың» әрқайсысын 5 мыңнан 10 мыңға дейін пайдаланушы көрген. Атырау қаласының прокуроры Р.Құттықовтың айтуынша, прокурорлық ұсыныстың негізінде Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті бұл материалдардың ҚР аумағында таралуына тыйым салды.

***

Махамбет аудандық соты «сеніп тапсырылған бөгде мүлікті ысырап еткені» үшін аудан әкімі аппаратының есепшісіне үкім шығарды. Қызмет бабын пайдаланған ол өзіне штаттық кесте бойынша тиесілі жалақыдан көп мөлшерде аударып отырған. Сөйтіп, екі жыл ішінде 336 мың теңге иемденген. Сотта әйел өз кінәсін мойындап, іс жүргізу келісімін жасады. Үкім – шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру.

***

Полицияға 11 мамырда 39 жастағы Ақтөбе тумасы шағымданды: Авангардтағы түнгі клубтардың бірінде оның сөмкесінен 207 мың теңге ұрланған. Тергеу жүргізілуде.

***

С.Датов көшесіндегі «Каспий банктің» есеп-айырысу бөлімінде белгісіз біреулер терезесін сындырып, орынжайға кіріп, төлем терминалын тонаған. Зиян анықталуда, оқиға орнынан саусақ іздері алынды.

 ***

Мамырдың 10-да таңертең Балықшыда «Ниссан Мурано» мен «Рено Сандеро» соқтығысты. «Рено» жүргізушісі алкогольден масайған болып шықты. Ол өткен жылы үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған екен.

***

Қала маңындағы 33 жастағы Балауса поселкесі тұрғынының сеніміне кіріп алып, коммуналдық пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, оның бір миллион теңгесін алған соң, ғайып болған әйел іздестірілуде. Алаяқтық жасады деп күдіктелген әйелге іздеу жарияланды.

***

Мамырдың 15-іне қараған түні ҚІІБ-не 39 жастағы әйел шағымданды: Сәтпаев даңғылының бойында оны 31 жастағы әйел соққыға жыққан. Тергеу жүргізілуде.

***

«Анвар» супермаркетінің күзеті ақша төлемей 8 дана «Алпен Голд» шоколадын алып шықпақ болған 58 жастағы қала тұрғынын ұстады.

***

Привокзальный тұрғыны үш жасөспірімнің подъезд жанында ұлын ұрып-соққанын полицияға хабарлады. ҚР ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Мамырдың 15-де сағат 19-да «Дина» базарындағы әйелдердің сәнді киім бутигінен 87 көйлек кем шыққан. 30 жастағы сатушы ұрлық жасады деп күдіктелуде.

***

Полиция қала маңындағы Ақсай поселкесінің 38 жастағы тұрғынын отбасына қайтарды. Ол 20 наурыздан бері хабар-ошарсыз қалған. Ал іс жүзінде коттедж салуға жұмысқа кірген екен.

 ***

Наурыздың 31-де М.Мәметова көшесіндегі дүкенді бұзып, ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

***

Жылыой аудандық соты ҚР ҚК-нің 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша үкім шығарды. Наурызда 25 жастағы Батыс Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны мас күйде Теңіз вахталық поселкесінен кілттенбеген «Тойота Хайлюкс» көлігін мініп кеткен. Ол Құлсарыны бетке алған, алайда  көлік тізгініне ие бола алмай, көлік апатын жасаған. Сот оны шартты түрде 4 жылға жаза тағайындады.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1227 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қылмыстар хроникасы  1378 рет қаралды

Қылмыстар хроникасы  1099 рет қаралды

Сот полицейлер туралы іс бойынша айыпталушылардың есімдерін атады  1983 рет қаралды

Қылмыстар хроникасы  1012 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5