Атырау, 27 сәуір 10:01
Күндіз ашық+22, кешке +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.92  € 399.31  P 5.23

Иранда бүгін президент сайлауы өтеді

19 мамыр 2017 10:24

Иран президенті Хассан Роухани (сол жақта) мен консерватор саясаткер Эбрахим Раиси.
Иранда бүгін президент сайлауына дауыс береді. Президенттіктен төрт адам үмітті. Бірақ олардың екеуі - іс басындағы президент, ұстамды саясаткер Хассан Роухани мен консерватор, бұрынғы прокурор Эбрахим Раиси фаворит саналады. Жұмыссыздық деңгейі жоғары Иранда 81 миллион халық тұрады.

Әлемдік державалармен Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жою туралы келісім жасасқан Роухани Батыс елдерімен одан ары ынтымақтасып, азаматтарға кеңірек бостандық беруге уәде етіп отыр. 68 жастағы Роухани қарсыластарымен таяуда өткізген сайлауалды дебатында "19 мамырда азаматтарымыз бейбітшілік жолымен ары қарай жүре береміз бе, я саяси егес жолын таңдаймыз ба дегенге дауыс береді" деп мәлімдеді.

56 жастағы Эбрахим Раиси Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің сенімді өкілі саналады. Аятолла Әли Хаменеи - елдегі үлкен саяси, әскери және діни билігі бар ең ықпалды адамдардың бірі.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

635 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Бүгін Литвада президент сайлауы өтеді  596 рет қаралды

Иранда президент сайлауы басталды  963 рет қаралды

Қырғызстанда президент сайлауы басталды  597 рет қаралды

Өзбекстанда президент сайлауы аяқталды  925 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4