Атырау, 21 шілде 23:41
Таңертең бұлыңғыр болады+32, күндіз +36
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.56  € 374.46  P 5.51

Нью-Йоркте көлік бір топ адамды "қасақана" қағып кетті: Қаза тапқандар бар

19 мамыр 10:41


Нью-Йоркте көлік бір топ адамды қағып кетті, кем дегенде бір адам қаза тапты және он адам зардап шекті, - деп хабарлайды Reuters куәгерлерге сілтеме жасап. 

Зардап шеккендердің саны әр басылымда түрліше айтылып жатыр: CBS телеарнасы 20 адам зардап шекті десе, қалалық өрт сөндіру қызметі кем дегенде 13 адам жарақат алды дегенді айтады.  Оқиға Таймс-сквер алаңында болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, көлік асқан жылдамдықпен жаяу жүргінші жолына шығып кеткен.  CNBC телеарнасы жүргізушінің қашып кетпек болғанын, бірақ ұсталғанын хабарлап жатыр. Оның кім екені белгісіз. Қазір ол куәландырудан өтіп жатыр, деп хабарлады NY1 телеарнасы.  Куәгерлердің бірінің айтуынша, жүргізуші адамдарды қасақана соққан.  CBS телеарнасы полицияға сілтеме жасай отырып, Таймс-сквердегі оқиғаның терроризммен байланысы жоқ екенін хабарлады. "Нью-Йорк қаласының полиция басқармасы: терроризммен байланысы жоқ", - делінген телеарна эфиріндегі жазбаша хабарламада. 

Бұл оқиға жайлы АҚШ президенті Дональд Трамп хабарланды. "Президент Таймс-сквердегі оқиға жайлы хабарланды және жаңарған мәліметтерді алып тұрады", - деп жазды Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер Twitter желісінде.


Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында бір топ адамды қаққан жүргізуші АҚШ-тың Қарулы күштерінің 26 жастағы бұрынғы әскери қызметшісі Ричард Рохас болып шықты. Бұл туралы қала әкімі Билл Де Блазио мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters. 

Қала полициясы департаментінің сайтында жүргізушінің асқан жылдамдықпен келіп, жол бөлігінен шығып кеткені хабарланды. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 22-сі жарқаат алған, оның төртеуі ауыр жағдайда жатыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы оқиғаға қатысты тергеуді жалғастырып жатқаны хабарланып отыр. Тәртіп сақшылары бұл оқиға теракт емес деген пікірде. 

Құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасаған NBC News телеарнасының мәліметінше, ұсталған Ричард Рохас "миында әлдеқандай дауыстар" естігенін айтқан. Осыған дейін ер адамның қамауға алынғаны белгілі болған еді. Рохас 2008 және 2015 жылдары ішімдік ішіп, тізгінге отырғаны үшін қамауға алынған екен. Қазіргі уақытта оның оқиға кезінде мас болған-болмағаны тексеріліп жатыр. 

Дереккөз: Тengrinews.kz 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

471 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ереванда қарулы топ полицияны басып алып, бір адам қаза тапқан  606 рет қаралды

АҚШ Сүрияны жаппай адам өлтіріп, өртеді деп айыптады   348 рет қаралды

Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі бомбаларды бір адам дайындаған - БАҚ   341 рет қаралды

Франция: Нормандияда шіркеуде кепілге алынған бір адам қаза тапты  440 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7