Атырау, 22 қыркүйек 13:11
Кешке ашық+23, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Бюджеттің 36 млрд теңгесі игерілмей қалды

19 мамыр 11:12

Фото: Kapital.kz
ҚР Қаржы министрлігі мемлекет қазынасындағы қаржыны тиімсіз пайдаланған министрліктердің атын атады. Сонымен ең көп игерілмей қалған қаржы Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.  

Ведомство басшысының сөзінше, 2016 жылы бюджеттен бөлінген қаржының 36 млрд теңгесі келісімшарттар мерзімінің өзгеруі мен атқарылатын жұмыстардың белгіленген мерзімнен кешігуіне байланысты игерілмей қалған. Ең көп игерілмей қалған қаржы Қорғаныс министрлігіне тиесілі - 29 млрд теңге, Ішкі істер министрлігі - 1,2 млрд теңге, білім және ғылым министрлігі - 1 млрд теңге, Сыртқы істер министрлігі - 920,2 млн теңге, Ауыл шаруашылығы министрі - 870,2 млн теңге, Әділет министрлігі - 759 млн теңге."Бюджет ақшасын тиімсіз пайлану деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 1,7 есеге азайды", - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. Министрдің сөзінше, бюджетке түскен түсім 7,7 трлн теңгені құрады. 

Шығын 8,5 трлн теңге болса, бюджет тапшылығы 741 млрд теңге болған. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 161,5 млрд теңгеге төмен. "Негізгі айта кететін жайт, 2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы кіріс 1 078 млрд теңгеге немесе 30,8%-ға көбірек. Ал шығындар 2015 жылмен салыстырғанда 1 338 млрд теңгеге көп болды. ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығы 1,6%-ды құрады. Біздегі жоспар 2% болған. Кірістерді артық орындау нәтижесінде 158,4 млрд теңге көлеміндегі қолма-қол ақша қалдықтары жинақталды", - деп түсіндірді министрлік басшысы. 

Өз кезегінде Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров 29 млрд теңгенің не үшін игерілмей қалғанын айтты. "Қаражат нақты себептермен игерілмей қалды. Бұл қаржы ИЛ-76 әскери-транспорттық ұшағын сатып алуға жұмсалу керек еді. Алайда ұшақ бағасының қымбаттап кетуіне байланысты сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданды", - деді Мұхтаров. Оның сөзінше, қалған қаржы мемлекет қазынасына қайтарылған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

535 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Өткен жылы мемлекеттiк бюджетке 6,2 трлн теңге түстi – Қаржы министрлiгi   487 рет қаралды

Несиеге сұраныс көп  751 рет қаралды

​Зейнетақы қорындағы проблемалық активтердің көлемі 4 есе қысқарған  153 рет қаралды

Қазақстаннан шетелге қаржы аударатындар көбейді   462 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6