Атырау, 24 қараша 10:30
Күндіз ашық+3, кешке -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

Қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді  

19 мамыр 11:17


Астанада қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іздеу шаралары барысында Астананың 23 жастағы тұрғыны ұсталған. Қарт адамды ұрып-соғу дерегіне қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Алайда жәбірленушіден әзірше арыз түспеген. 

"Осыған байланысты жәбірленушіден полицияға хабарласуды сұраймыз", - дейді қалалық ІІД өкілдері.

Полициядағылардың айтуынша, жүргізушіні аса қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам өз әрекетіне жолдағы жанжалдың себеп болғанын айтқан. Жанжалдан кейін ол осылайша әрекет етуді ұйғарыпты.  

Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде және Instagram желісіндегі парақшаларда ел өңірлерінің бірінде түсірілген видео пайда болған еді. Видеодағы кадрлардан ер адамның тал түсте өзінен үлкен ер адамды ұрып жатқанын көруге болады. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

977 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ақтөбеде теракт жасағандар өз әрекетін түсіндірді  818 рет қаралды

Вокзал маңындағы кафеде кісі өлімі болды   514 рет қаралды

Көкшетауда 20 жастағы қызды саудалаған жігіт ұсталды   218 рет қаралды

Алматыдағы арнайы операция: Екі күдікті ұсталды  127 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5