Атырау, 22 қыркүйек 12:53
Кешке ашық+23, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Құлыбаев, әкім және бизнесмендер: әркімнің өз "қайғысы" бар

19 мамыр 11:21

АЖ мұрағатынан
Маусымда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы парламентке Қылмыстық кодекстен көбінесе адал бизнесмендердің мүддесін қозғайтын 215-бапты («Жалған кәсіпкерлік») алып тастау туралы ұсыныс енгізеді. Бұл туралы Атырауда облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қатысуымен өткен жергілікті іскер элитаның жиналысында ҰКП президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ хабарлады. 

ТӨРТ ӨТКІР МӘСЕЛЕ

Бұл мәселені бизнес-қауымдастық бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Жалған фирмалардың кесірінен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, зардап шеккен адал бизнесмендер аз емес.

Т.Құлыбаевтың айтуынша, ҰКП заң шығарушы және атқарушы биліктің бизнес мүддесіне қысым жасамауы үшін көп күш салады:

Ең алдымен бұл рұқсаттар мен хабарламаларға қатысты. Бұрын ол мың шақты болатын, енді 300 болды. Осындай сызба бойынша бақылау-қадағалау қызметін қысқарту жұмыстары жүргізілуде. Қазір 61 ведомоствода олардың саны 28 мыңнан асады. Бас прокуратурамен және үкіметпен бірігіп бұл қызметті кем дегенде үш есеге қысқартуды жоспарлап отырмыз. Салық және қылмыстық заңнамаларға өзгерістер қажет. Өңірлік палаталар арқылы өз ұсыныстарыңызды енгізіңіздер, олардың бәрі қаралатын болады.

1 шілдеде Қаржы министрлігінің жанынан апелляциялық комиссия өз жұмысын бастайды. Ол жерде бизнесмендер сотқа дейінгі тәртіппен салық органдарына қатысты өз дауларын шеше алады.

ҰКП басшысы бүкіл өңірге тән бизнестің басты төрт проблемасын атады: жер қатынастары, сәулет және құрылыс мәселелері; салықтық тексерулер; мемлекеттік сыңайлы сектордағы тендерлер; монополистермен өзара қарым-қатынас.

Мұның бәрі Атырауда да өзекті, - деп растады облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек ЖӘКИЕВ. – Атап айтқанда, монополистер өз сайттарына еркін қуаттардың бар екені туралы ақпаратты тоқсан сайын  міндетті түрде орналастыру керектігі жөніндегі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңның 7-бабы 24-тармағының талаптарын орындамай отыр.

Стандарт бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасын алған кезде кәсіпкер коммуникацияларға (газ, электр, сумен қамту) қосу үшін «бір терезе» принципі бойынша техникалық шарттар (ТШ) алуға тиіс. Іс жүзінде оған ТШ-ны монополистен өздігімен алуына тура келеді, ал бұл - қосымша кедергілер мен шығындар.

 

ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН СУБСИДИЯЛАР ТУРАЛЫ

Содан кейін жергілікті бизнесмендер сөз алды. Олар көтерген бірінші мәселе – ТШО жобалары үшін елге материалдар мен жабдықтарды әкелген кезде шетелдік және қазақстандық компаниялар үшін тең шарттардың болмауы. Егер баж салығын төлеу кезінде шетелдіктерге түрлі жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсынылса, отандық бизнес оны толық төлейді.

- Біз үкіметпен осы мәселені талқылаймыз. Бұл жағдайды дұрыстау керектігін түсінеміз. Алайда осыған байланысты басқа жайтты да айтқым келеді: елбасы биылғы жылдың қыркүйегіне дейін бизнеске арналған бүкіл жеңілдіктер мен артықшылықтарға тексеру жүргізуді тапсырды. Бізде олар көп, тіпті, олардың тізілімі жоқ. Оларды шағын бизнес, ауыл шаруашылығы алса түсінікті, бірақ басқа бағыттар бойынша бұл жеңілдіктер кейде артық болып жатады. Енді мемлекетке салық түрінде қайтарым болатын жеңілдіктер берілетін болады. Қазіргі нұсқау осындай. Сондықтан біздің мұнайсервис үшін баж салығы бойынша жеңілдіктер осы тұрғыдан қарастырылатын болады, - деді ҰКП басқармасының төрағасы Аблай МЫРЗАХМЕТОВ.

Ауыл кәсіпкерлері суармалы суға қатысты мемлекеттік субсидия проблемасын көтерді. Мемлекет ел бойынша осы субсидияның бірыңғай мөлшерін – жеткізушілерден келетін су құнының 50%-ын енгізді. Алайда айрықша климаттық жағдайымен және суарудың ирригациялық жүйесінің жоқтығымен ерекшеленетін біздің өңір үшін субсидия үлесі көбірек болуы тиіс деп есептейді ауылдықтар. Оларға облыс әкімі үміт берді:

- Шынымен де, суарма суының текше метрінің өзіндік құны бізде басқа өңірлерге қарағанда жоғары. Біз ауыл шаруашылығы министріне Атырау облысы үшін субсидиялау жағдайын қайта қарастыруға ұсыныс жолдадық. Ол бізге қолдау көрсетті: келесі жылы мөлшерлемені 85 пайызға дейін көтеру жоспарда бар.

ЗАҢ ОСЫНДАЙ

Кәсіпкерлер жер бәссаудасының жүйесіздігі мен ашық еместігіне шағымданды. Кейбіреуі бәссауданы жойып, телімдерді арнайы комиссия арқылы беруді ұсынды. Бұдан басқа, заңнама талаптарына қарамастан, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз сайтына қалалар мен аудандардың жер-кадастарлық сызбаларын орналастырмайды.

- Иә, бизнесмендер бұл әдіс (бәссауда) жер алуды қиындатады деп қынжылыс білдіреді. Алайда заңнамада осы процедура жазылған, біз басқаша әрекет ете алмаймыз, - деді Н.Ноғаев. – Ал жер телімдері әділ бөлінбейді дегенге келер болсақ, бұл жеке мәселе деп ойлаймын. Егер нақты мысалдар бар болса, бақылаушы органдарға жүгіну керек.

Әкімнің жауабын Т.Құлыбаев толықтырды:

- Жер-кадастрлық сызбалардың жариялануына келер болсақ, бұл қиын мәселе болып шықты. ҰҚК бас жоспарлар мен жердің толық жоспарларының қолжетімді түрде ашық болуына қарсы. Қазір елбасының тапсырмасымен Жер кодексіне енгізілетін түзетулер қарастырылуда.

Сөз соңында ол қатысушыларға Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің жаңа төрағасын таныстырды. Осы қоғамдық лауазымдағы Абай ЖҰМАҒҰЛОВТЫ Әлия БЕКҚОЖИЕВА алмастырды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1329 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

«Бәріміз де өмір жолын бастап едік...»  1662 рет қаралды

​«Ақ Жайық» номинациялары  1136 рет қаралды

Мұнайсервис Жер қойнауы туралы кодекске қарсы  1335 рет қаралды

Қауіпсіздік үшін ақша төлейсіз  446 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6