Атырау, 19 ақпан 05:02
Таңертең ашық-5, күндіз -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.42  € 400.04  P 5.66

The Washington Post . Гүлен Ердоғанды зорлықшыл радикалдарға қолдау көрсетті деп айыптады

19 мамыр 2017 12:38


Белгілі теолог, философ Ф. Гүленнің АҚШ-та және әлемде беделді газеттердің бірі «The Washington Post»-та «Түркияны тани алмай далмын» атты мақаласы шыққан. Мақалада Гүлен Түркияның қайтадан демократиялық жолға түсуі және радикализм, тоталитаризм жолынан бас тарту, дінді саясиландыру мәселелері айтылады.

Мақаласында бар күшті уысында ұстап әрі қарсыластарын тұқырту үшін қолынан келгеннің бәрін істеуден аянбаған президенттің басқаруына қалған Түркияның адам танымайтындай жағдайға келгенін жазады.

«Ердоғанның өз халқына тізе батыруы тек мемлекеттің ішкі мәселесінің ауқымынан шығып кетті. Азаматтық қоғам, журналист, ғалымдар мен күрд азаматтарына бағытталған озбырлық еліміздің ұзақ мерзімді тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайға жетті. Қоғамда қазіргі уақытта Әділет және даму партиясы режимі төңірегінде терең поляризация орын алуда. Түркияның зорлықшыл радикалдарға құшақ жайып, ал күрд азаматтарын үмітсіздікке итермелейтін диктаторлық режимге келуі Орта Шығыс қауіпсіздігі үшін елеске айналмақ», дейді.

Сонымен қатар Гүлен Халықаралық амнистиялық ұйым мәліметтеріне сүйене, әлемде түрмеге түскен барлық журналистердің үштен бірінің Түркия түрмелерінде екенін айтады.

Дереккөз: Вaq.kz 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

659 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Қытай АҚШ-ты егемендік пен ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді деп айыптады  329 рет қаралды

«Біз қазақты әлемге әлдеқашан танытқанбыз!»  1122 рет қаралды

Ердоған Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайтынын мәлімдеді  340 рет қаралды

Шығарындылар бар, ал зиян жоқ па?  667 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5