Атырау, 21 шілде 23:37
Таңертең бұлыңғыр болады+32, күндіз +36
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.56  € 374.46  P 5.51

Полицейден соққы көрдім деп мәлімдеген ер адам оқиғаның қалай болғанын айтып берді  

19 мамыр 15:44


25 жастағы Эльдар Мұқашевтың айтуынша, ауылдың учаскелік полицейі оны байлап, қалаға алып кетіп, соққыға жыққан, ал кейінірек оны жолдың ортасына лақтырып кеткен. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша - "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Уральская неделя". 

Басылымның мәліметінше, биыл сәуір айында Эльдар Мұқашев отбасымен бірге Успеновка ауылының Ақсайға бара жатқанда жол бойында патрульдік көлік жолды бөгеп қалған. 

"Көліктен ер адам шықты, өзін таныстырған жоқ. "Массың ба немесе шегіп алғансың ба?" деп сұрады. Содан мен одан өзін таныстыруын және менен не керек екенін сұрадым. Бірақ ол бірде ештеңені түсіндірмей, көлігімнің кілтін алып қойып, телефоннан біреуге қоңырау соға бастады. Көлік полициясын шақырды", - дейді ер адам. 

Содан белгісіз ер адам Элдарьды отбасымен бірге жол бойында қалдырып, өзі патрульдік көлікпен кетіп қалады. Бірақ қайтып келгенде ол формасын киіп келеді.  

"Полицей көліктің кілтін әйелімен қайтарып берді, бірақ құжаттардың барлығын алып қойды. Бір кезде қол көтеріп, мені қылқындыра бастады, біраз уақыт есімді жия алмадым", - деп еске алады Эльдар Мұқашев.  Оның айтуынша, полицей оған кісен салып, көлігіне қарай алып кеткен. Көліктің ішінде оны Ақсайға медициналық куәландыруға апаратынын айтқан.

"Біз Ақсайға жазық дала арқылы бардық", - дейді Эльдар. - Мен полицейден әжеханаға барғым келетінін айттым, бірақ ол менің өтініштерімді еш тыңдамады. Былапыт сөздер айтып, өзін ауылдың иесі екенін айтты. Бір сәтте біз тоқтадық, ол мені көліктен алып шығып, кешірім сұрауымды талап етті. Бірақ мен кешірім сұраудан бас тарттым. Менің не кінәм бар? Содан ол менің басымнан, бетімнен ұра бастады. Бір кезде аяқкиімін кісеннің ортасында салып, ішімнен тебе бастады, анамды балағаттады. Мен одан анама қатысты мұндай сөздер айтпауын сұрадым. Бірақ ол бұған одан да қатты ашуланып, аяғымен ішімнен одан да қатты ұра бастады.

Ескерту! Психикасы нашар адамдарға көруге болмайды!



Эльдардың айтуынша, бір сәтте полицейдің ашуы басылды. Бірақ ол видео мен суреттердің бар-жоғын білу үшін Эльдардың ұялы телефонын тексеріп шыққан. Кейіннен полицей оны жақын маңдағы аялдамадан қалдырып кеткен.

"Мені әйелім алып кетті, ауруханада менің мас емес екенімді көрсететін куәландырудан өттік. Батыс Қазақстан облысының жемқорлыққа қарсы қызметіндегілерге арыз қалдырдық", - дейді зардап шеккен ер адам. 

Дәрігерлер жеңіл деңгейлі жарақаттар алғанын айтқан.  Қазіргі уақытта полиция қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық із қозғады. Ер адамды ұрып соққан полицей Успеновқа ауылының учаскелік полицейі болып шықты. Оның есімі - Самат Жаймағамбетов. 

Эльдар Мұқашев тергеудің және сот төрелігінің әділ болатынына сенеді. Бірақ қазіргі уақытта Ақсай аудандық ІІБ өкілдері одан капитан Жаймағанбетовпен татуласуын сұрап жатыр. Сондай-ақ, БҚО ІІД өкілдерінің мәліметінше, Самат Жаймағамбетовқа қатысты қылмыстық із қозғалғанымен ол онда әлі жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: Тengrinews.kz 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

815 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Ұйқысы тынышталған Лис  674 рет қаралды

Астанада Тоқтар Төлешовтің соты басталды  625 рет қаралды

ҰҚК: Төлешов ісіне бойынша 25 адам жауапқа тартылды  608 рет қаралды

«Құлсарылық атқыш» туралы іс: Адвокат тергеушіні істі бұрмалады деп айыптайды  1335 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7