Атырау, 28 мамыр 13:34
Кешке ашық+19, түнде +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 310.57  € 348.58  P 5.52

Емші науқасты өлтіріп алды

19 мамыр 17:19

Атырау облысы Махамбет аудандық сотында өзгеше қылмыстық іс қаралды. ІІ топтағы мүгедек әйел көп жылдардан бері полиартритпен ауырып, төсекке таңылып жатқан. Ұлы анасының азабын жеңілдетпек болып, оған емші іздеп табады.

Емдеу сеансы кезінде емші әйелдің ауру аяғын күшпен тартып қалып, тізесін қолымен басады. Бейшара әйел ауырсынғаннан есінен танып қалып, «жедел жәрдеммен» аудандық ауруханаға жеткізіледі. Сол жерде травмалық шоктан көз жұмады.

Сот ісі барысында сотталушының, оның адвокаты мен аудандық прокурордың арасында кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімі жасалады. Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы ҚР ҚК-нің 104-бабы («Абайсызда қазаға ұшырату») бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Бұдан басқа, одан сараптама шығындары өндіріліп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1347 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

«Прокурорлық» іс: Бірбеткейдің жазасы  967 рет қаралды

Ажалдан аман қалды   1654 рет қаралды

Мақат аудандық ІІБ-нің екі қызметкері пара алды деп күдіктелуде  414 рет қаралды

«Жер митингілері» туралыс іс: Еліміздегі кезекшілер және прокуратурадағы куәгер  796 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5