Атырау, 19 қазан 10:37
Күндіз ашық+14, кешке +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.57  € 391.81  P 5.81

Мұрагерлік іс

1 маусым 00:00

– Мен танысымнан ауызша келісім бойынша жер телімін сатып алған едім. Бұл (үй салынғанша) уақытша пайдалануға берілген жер телімі. Бізге қойылған шарт мынадай болды: мен үй саламын, қожайын тұрақты мемлекеттік актіні ресімдейді, ал кейін қағаз жүзінде жердің маған берілетіндігін (сатылатындығын) ресімдейтін болады. Мен үйді салдым, бірақ, танысым сол уақытта қайтыс болды. Мұрагерлері бар, олар ауызша келісімнің шарттарын орындауға қарсы емес. Мұрагерлердің алдағы әрекеттері қандай болуы тиіс?

azh.kz сайтынан

Сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА жауап берді:

– Тегін түрде жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін алатын кез келген азамат бастапқыда жеке меншік құқығын емес, жалға алу құқығын алады. Бұдан кейін осы учаскеге үй салып, оны үйді пайдалануға беру актісіне сәйкес пайдалануға беруі керек. Өйткені, қабылдау комиссиясы үйді факт бойынша қабылдайтын болады. Алайда, егер азамат жердің тұрақты актісін алғанға дейін қайтыс болса, онда оның мұрагерлерінің осы жер телімін жеке меншік құқығымен алуға, жерге тұрақты актіні ресімдеп, оны алдымен ұсыну құқығы бойынша қайтыс болған мұра қалдырушының атына тіркеуге құқылы. Содан кейін мұрагерлік бойынша бұл құқықты мұраға құқық туралы куәлікке сәйкес алуға болады. Бұдан соң іс жүзінде сол телімге үй салған адамның атына қайта ресімдеуге (сатуға, тарту етуге, алмастыруға) болады.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1538 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5