Атырау, 11 желтоқсан 20:23
Түнде бұлыңғыр болады-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.32  € 392.29  P 5.63

Газ бағасы    

21 шілде 10:28


20 шілдеде облыстық филармония ғимаратында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (ҚТГА) Атырау филиалының ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап жергілікті тұтынушылар үшін газ бағасын көтеру жөніндегі өтінімі бойынша жұртшылық тыңдауы өтті.

Тыңдау спикері, облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Нұрлан ТАУБАЕВ сөз алушылардың пікірі жинақталып, Астанаға жіберілгенін, өйткені, ақырғы шешімді монополияға қарсы комитет қабылдайтынын алдын ала атап өткен еді. 

Мақсат ӘБУОВ
ҚТГА өндірістік филиалының директоры Мақсот ӘБУОВТІҢ баяндамасынан:

– 30 маусымда біздің компанияның бас кеңсесі тұтынушылар үшін тауарлық газ құнын қайта қарау өтінімімен жүгінді. Оған себеп – 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 30 маусымы аралығында Атырау облысы үшін ҚР ішкі нарығындағы шекті көтерме бағаның мың текше метр үшін 5 608-ден 6 249 теңгеге көтерілуі. Бұдан басқа, шикізат пен материалдардың қымбаттауы әсерін тигізіп отыр.

Қолданыстағы тарифтер мынадай: тұрғындар үшін – 6,4 теңге (осы жерде және әрі қарай бір текше үшін бағалар), жылу энергиясын өндіруге жылумен жабдықтаушы мекемелер үшін - 7,64 теңге және заңды тұлғалар үшін – 17,68 теңге. Біз тұрғындар мен жылумен қамтушы мекемелер үшін тарифті 9,61 теңгеге дейін, заңды тұлғалар үшін 27,41 теңгеге дейін көтеруді ұсынамыз.

Тағы бір себеп ретінде Әбуов қарызға құқығын беру келісімшартының негізінде ҚТГА-ның «Облтрансгаз» КМК-нің 268 млн теңге мөлшеріндегі кредиторлық қарызын өтеу міндетін атады.

Минал КЕНЖЕКОВ
- Неліктен мұнай өндірілетін, ал ілеспе газы өндіріс қалдығы болып табылатын Атырау облысында ол тұрғындар үшін үнемі қымбаттап отырады? Біз тегін берсін деп отырған жоқпыз, бірақ көтермеңіздер! Егер халық наразылық білдіре бастаса, сіздер жауап беретін боласыздар! – деді азаматтық белсенді Минал КЕНЖЕКОВ (суретте) тыңдау кезінде.
Бекболат МҰҚАНҒАЛИЕВ
- Бүкіл әлемде мұнай мен газ бағасы түсіп жатыр. Неліктен Қазақстан ерекше болады? – деп оның сөзін қайталады тағы бір белсенді тұрғын Бекболат МҰХАНАЛИЕВ(суретте).

- Тіпті, газ қымбаттаса да оның бағасы Атырау облысы үшін еліміздегі ең арзаны болып қалып отыр, - деп мәлімдеді М.Әбуов. Оның айтуынша, «тізбекті реакцияны» «Теңізшевройл» компаниясы бастаған. Ол жыл басында газды босату бағасын көтеріп, нәтижесінде «ҚазТрансГаз» АҚ ҚТГА үшін бағаларды көтеруге мәжбүр болған.

«АЖ» сұрағы:

- Мақсот Нұрланұлы, сіздер заңды тұлғалар үшін газды 55 пайызға қымбаттатуға өтінім жібердіңіз, ал сіз бұл орайда, мәселен, дүкендердегі нан бағаларының қаншалықты қымбаттайтынын есептедіңіздер ме?

- Есептемедік...

- Жақсы сұрақ, ол да монополистің өтінімін қарау кезінде ескерілетін болады, - деп түйіндеді Н.Таубаев. 

Нұрлан ТАУБАЕВ


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1565 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Газ бағасы-3: Әкімдіктегі «митинг»  1249 рет қаралды

Газ бағасы-2  1037 рет қаралды

Атырауға арналмаған СМГ  1508 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5