Атырау, 24 тамыз 13:48
Кешке ашық+27, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.32  € 392.58  P 5.64

Әуелі келісімшарт болу керек

3 тамыз 00:00

– Сарықамыс-2, №5 көше мекен-жайының бережағы салдарынан газымызды ажыратып тастады. Қарыз келесі күні өтелді, алайда абоненттік бөлім қызметкерлері қосу төлемақысын қабылдамай отыр. Әуелі техникалық қызмет көрсету жөнінде компаниямен келісімшарт жасап, алдын ала 4 700 теңге төлеу керек, содан кейін ғана қосу үшін төлеуге болады дейді. Олардың әрекеттері заңды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа «ҚазТрансОйл»  АҚ өндірістік филиалының директоры Мақсот ӘБУОВ жауап берді: 

– «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңының 19-бабының 3-тармағында былай делінген: «Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті». Тұтынушылар кез-келген ұйыммен келісімшарт жасаса алады, бірақ біз келісімшартсыз қоспаймыз.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

327 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4