Атырау, 19 қазан 10:33
Күндіз ашық+14, кешке +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.57  € 391.81  P 5.81

​Вакциналар кешіктірілуде

7 тамыз 12:19


Биыл Атырау облысында 2-4 айлық нәрестелерге В вирустық гепатитіне қарсы салынатын екпе өз күнтізбесінде көрсетілген уақыттан әлдеқайда кеш салынуда.

Басқарма басшысының м.а. Алмагүл ҚАБДРАХМАНОВАНЫҢ айтуынша, бұл еліміздегі бірыңғай дистрибьютор «СК Фармация» ЖШС-нің кінәсінен болған. Яғни, осы жағдай біздің өңірімізде ғана орын алып отырған жоқ.

«АЖ»-ның редакциялық сауалына берген жауабында «СК Фармация» ЖШС-нің баспасөз қызметі компания жыл сайын 20 вакцина сатып алатынын хабарлады.

2017 жылы 25,4 млрд теңгеге 19 вакцина сатып алынған, ал В гипатитінің вакцинасына қатысты проблемалар туындаған. Бұған себеп - тендердің жеңімпазы жеткізу мерзімін кешіктіруі.

Бұл фирмаға айыппұл салынды.

«Қазіргі уақытта бірыңғай бірыңғай дистрибьютор осы вакцина бойынша сатып алулар жүргізуде.

Денсаулық сақтау министрлігі осындай жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар шаралар әзірлеуде»., деп хабарлайды «СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметі.

Кешіктірудің салдары қандай болатыны әзірге белгісіз. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда балаларға екпе салуды қолдайтындар мен оған қарсы шығып жүргендердің  арасында әлі күнге дейін даулы пікірлер айтылуда.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

413 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

"СК-Фармация" басшысының тұтқындалуы: 1,8 миллиард теңге қолды болған   168 рет қаралды

«СК-Фармация» компаниясына 1,3 млрд. теңге айыппұл салынды   487 рет қаралды

«СК-Фармация» басшысы Максим Касаткин ұсталды ма?  122 рет қаралды

"СК-Фармация" медициналық сақтандыру қорының қарамағына көшеді   286 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5