Атырау, 20 шілде 13:59
Кешке ашық+31, түнде +27
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

Денсаулыққа арналған бизнес

7 тамыз 2017 17:51


Медициналық қызмет көрсету саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті (МЖС) дамыту шеңберінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы 11 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қазір басқарма денсаулық сақтау объектілерін салу үшін инвесторлар іздестіруде. Облыстық және қалалық әкімдіктер бұл үшін 6 учаске бөлді. Ал жыл аяғына дейін барлық 11 объекті үшін жер бөлу жоспарланған.

Тізім мынадай: Атырау қаласындағы жаңа Өркен ықшамаудандағы 250 келу санына арналған қалалық емхана; Атырау қаласының Ақсай ауылдық округіндегі 25 келу санына арналған дәрігерлік амбулатория; Нұрсая ықшамауданындағы №19 үйдің цокольді қабатын №1 емхана филиалына қайта жарақтау; балалар мен ересектерге арналған 70 кереуеттік ортопедия және протездеу бөлімі болатын Атырау қаласындағы оңалту орталығы; Атырау қаласындағы төрт қосалқы станциясы бар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы; Атырау қаласындағы 30 кереуеттік облыстық гемодиализ орталығы – Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы 7 кереуеттік филиалымен; 25 келу санына арналған 5 дәрігерлік амбулатория – Самал ықшамауданы (№5 емханадан), Атырау ы/а (№5 емханадан), Химпоселке ы/а (№2 емханадан), Толқын ы/а (№5 емханадан), Жұлдыз ы/а (Геолог п. емханасынан).

Бізге денсаулық сақтау басқармасындағылар хабарлағандай, МЖС жобаларын консультативтік қолдаумен айналысатын заңды тұлға -  «Атырау Innovations» ЖШС. Қазір ЖШС екі жобамен жұмыс істеуде. Бұлар Өркен ықшамауданындағы емхана – оның құжаттамалары әзірленген, жеке серіктестікті таңдау жөнінде екі конкурс жарияланды. Бірақ ниет білдірушілердің болмауы салдарынан конкурстар өтпей қалды. Жоспарға сәйкес, емхана 2017-2018 жылдары салынуы тиіс. Жоба құны 1,5 млрд теңгеден астам.

«Атырау Innovations» ЖШС директоры Данияр ТАХАНОВТЫҢ пікірінше, әлеуетті инвесторларды инвестиция мөлшері мазалайды. Алайда мемлекет оларға бүкіл қаржыларды қайтаруға кепілдік беріп отыр.

Жасалынып жатқан екінші жоба – Ақсайдағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы. Типтік конкурстық құжаттама әзір, сараптама да жүргізілді. Енді жеке серіктес таңдау бойынша конкурс жарияланды. Құны 85 млн теңге болатын бұл амбулаторияны 2017 жылдың аяғына дейін салып болуы тиіс. Тағы бес дәрігерлік амбулаторияның құрылысына келер болсақ, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды.

Ортопедия және протездеу бөлімі бар оңалту орталығына қатысты жоспарлар қуантып отыр. Бүгінгі күні орталықтандырылған тәртіппен түсетін протездер көбінесе өлшеміне, әсіресе, балалар үшін сай келмейді. Ал бұл бөлімнің ашылуы - әзірлеп, оларды сол жерде жеке өлшемге сай етіп, шақтап беру мүмкіндігі болмақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1160 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Енді облыстың бас санитарлық дәрігері болды  1255 рет қаралды

Жеңуге болмайды, күресу керек  1420 рет қаралды

800 млн теңгелік "спектакль"  1350 рет қаралды

Дәрігермен дәрігер туралы  2556 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6