Атырау, 24 тамыз 13:48
Кешке ашық+27, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.32  € 392.58  P 5.64

Өзі күйіп қалды

7 тамыз 18:52


6 тамыз күні Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының 67 жастағы тұрғыны қойдың басын үйітпек болып қатты күйіп қалды.

Ол қолдан жасалған құралды пайдаланған. Онысы газ баллонына қосылған болып шықты. Сол кезде не себептен екені белгісіз, газ жарылған.

- Тұрғынның денесін 1-ші және 2-ші дәрежедегі күйік шалған, - дейді аудандық бас дәрігердің орынбасары Жаниба АҒЖАМАЛОВА. - Оны Атырауға облыстық ауруханаға алып кету үшін санитарлық авиция шақырылды.  

Бірнеше күн бұрын осындай жағдай Қостанай облысында да болды. Ауылдардың бірінде қойдың басын үйітпек болған 15 жастағы жасөспірімді аса ауыр күйде күйік шалған. Ер адамдар қойды сойғаннан кейін оның басын дәнекерлеуші шаммен үйіту керек болған. Бір кезде шамды өзіне қарай бұрып қалып, одан газ лап ете қалған. Қас-қағым сәттің ішінде баланың жейдесі мен шортысы өртеніп кеткен. Баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізу үшін санавиация көмегіне жүгінуге тура келді. От аяғы мен ішіне дейінгі денесін күйдіріп тастаған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

870 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Газ сигнализаторлары ажалдан құтқарады  745 рет қаралды

Қызын құтқарып, өзі суға кетті  1013 рет қаралды

«Ембімұнайгаз» АҚ салауатты өмір салтын қолдайды!  594 рет қаралды

Жеңіс бағында 13 жастағы баланы ит талап тастады  1497 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4