Атырау, 24 тамыз 13:47
Кешке ашық+27, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.32  € 392.58  P 5.64

​Ауру - астан

9 тамыз 11:42


Жыл басынан бері облыстағы 217 тұрғын туберкулез сырқатына шалдықты, соның ішінде  кәмелетке толмағандар саны 32. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН (суретте) хабарлады.

Бүгінде облыстағы тубдиспансер есебінде аурудың белсенді түріне шалдыққан 1065 пациент тұр.

- Соңғы кездері ата-аналар арасында балаларына алдын алу екпелерін салдыртудан бас тартатын жағдайлар жиілеп кетті. Адамдар көптеген ауыр жұқпалы аурулардан халықты жаппай иммундау арқасында арыла алғанымызды ұмыта бастады. Денсаулық сақтау департаменті екпелерден бас тарту себептеріне мониторинг жүргізіп отырады. Бірінші жартыжылдықта мұндай фактілер 259 болды. Ата-аналардың басым бөлігі – 90 пайыздайы өздерінің діни себептерге байланысты бас тартқандарын түсіндірді, - деді Ө.Зинуллин.

Ол, сондай-ақ, жұқпалы аурулар динамикасы туралы әңгімеледі. Жыл басынан бері 7 адам салмонеллезбен (2016 ж. – 27 қаңтар-маусымында), бактериалдық дизентериямен – 2 (1), қызамықпен 3 (6), вирустық гепатитпен – 5 (12), бруцеллезбен – 15 (23), гриппен – 12 (25) ауырды. Ал өткір ішек ауруларының деңгейі 20,4 пайызға өсті. Талдау жұмыстары пациенттердің 62,8 пайызы сапасыз тағамнан, қалған жағдайларда гигиена ережелерін сақтамауы салдарынан ауырғанын көрсетті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

509 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Улану көбейген  396 рет қаралды

Премьер азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әкімдерді жазалауды ұсынды   345 рет қаралды

Вакцина туралы тың дерек  3433 рет қаралды

Жұмысшылар наразы болғанда  416 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4