Атырау, 12 желтоқсан 20:56
Түнде бұлтты-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 335.05  € 395.12  P 5.66

«Өлмейтіндер»

10 тамыз 00:00


Жақында осындай тақырыппен атыраулық жас ақын Нұржан ӨМІРБАЕВТЫҢ өмірге әкелген «Өлмейтіндер» туындысы аз уақыт ішінде Қазақстанның түкпіріне танылып, хитқа айналды. Ән мазмұнында ақындар Тұманбай мен Қадірдің, Мұқағали мен Фаризаның, композиторлар Шәмші мен Тұрсынғазы, Табылдының жоқтығынан бүгінде мағыналы әндер сағынышқа айналып, олардың орнын сахнада есер әуендер басқандығы жөнінде айтылады.

Біз Нұржан Өмірбаевпен әңгімелескен едік.

- Мәтіннің шығуына не түрткі болды?

- Бұл өлеңдегі ой көкіректе көп уақыт сайрап тұрған сезім, сағыныш болатын. Бір күні Қуандық Рахым өмірден өткен аға буынға арналған əн болса деп хабарласты. Сөйтіп, ойда пісіп тұрған осы бір əн 10 минут ішінде шыға келді. Мәтін әнімен бірге туындады. Әнін қызылордалық інім Жарасқан ТӨЛЕБАЙҒА айтып беріп едім, ол аздап өзгерістер енгізді. Содан оны өтініші бойынша Қуандық Рахымға сыйладым. Өз басым бұл əнді бар қазақ руханиятына еңбек сіңірген ерен тұлғаларымызға, оның ішінде өзімнің өнердегі əкем-сазгер Тұрсынғазы РАХИМОВҚА арнадым.

- Бұл сіздің әнге жазған алғашқы мәтініңіз емес қой.  

- Иә, мәтінді көбінесе, жастарға жазамын. Қазіргі кезде айтылып жүрген 40-қа жуық əндер бар. Әнге жазған мәтініме қаламақы сұрайтынымды да жасырмаймын. Бірақ, сатуға келмейтін əндер болады. Мысалы, «Өлмейтіндер». Тұлғаларың есімі тұрған мəтінді саудалаудың өзі ұят болар еді.

- Өлең мазмұнына бойласақ, тұлғаларды еске ала отырып, қазіргі кездің есерсоқ əндеріне алаңдаушылық білдіргендейсің?

- Көңіл көп нəрсеге толмайды. Тасада қалған таланттардың тағдыры алаңдатады. Сахнада сайран салған сауысқандар да ұлт санасын улап бітті. Жалаңаш қыздар мен шала мас еркексымақтардың ермегіне айналып барады ел эстрадасы. 

...Ал, мағыналы әндер жалғасын тапса деп әлеуметтік желілерде пікір білдіргендердің бірі Қалқаман САРИН:

  • «Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», деген Абайдың сөзін еріксіз ойға оралтқан «Өлмейтіндер» əні - өлшеулі өмірде өлшеусіз мұра қалдырған талай ақиық, нарқасқаларды тірілткендей күй кештірген туынды.Қазақтың бетке ұстар ақын, әнші-композиторларын, өнер иелерін дəріптеген əнде, алыптарға деген алапат сағыныш бар. Қазіргі жастардың əнге, анығында, сөзге деген талғамы төмен. Осы бір олқылықтың орынын толтырып, ән өнеріне олжа салған «үштік одақ» - ақын - сазгер - әншінің үндескен, сәтті шыққан туындысы дер едім, - деп баға берді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

3659 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ән салатын зағип жан  844 рет қаралды

Қартайғанда қарайтының болмаса...  1006 рет қаралды

Атыраулық спортшы өзге елде өнер көрсетіп жүр  1220 рет қаралды

Батыс алаңдатып отыр  1705 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5