Атырау, 20 ақпан 03:12
Таңертең ашық-3, күндіз +2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.32  € 396.28  P 5.66

Қырғызстан визаны электронды түрде бермек

10 тамыз 2017 21:46


Қырғызстанда 2017 жылдың қыркүйегінен бастап шетел азаматтарына электронды виза беру жүйесі жұмыс істейді. "Электронды виза" жаңа бағдарламасы 9 тамызда таныстырылды.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры Эркин Асангуловтың айтуынша, жаңа электронды жүйе шетел азаматтарына визаны интернет арқылы алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін шетел азаматы evisa.e-gov.kg сайтында арнайы форманы толтыруы керек. Сонымен бірге сурет және төлқұжат көшірмесі жүктеледі. Консулдық төлем банк арқылы төленеді. Өтініш үш күнде қаралады.

Жаңа электронды виза жүйесі "Таза коом" ("Таза қоғам") жобасы аясында жүзеге асты.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

411 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қырғызстан шетелдік азаматтар үшін электронды виза енгізуді жоспарлап отыр  637 рет қаралды

Өзбекстан шетел азаматтары үшін визасыз режим енгізеді   221 рет қаралды

Электронды визаны енгізуге қаржы керек - ҚР СІМ   231 рет қаралды

Қырғызстан Қазақстан бөлген 100 млн доллардан бас тартатынын ресми түрде хабарлады   465 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5