Атырау, 20 шілде 14:02
Кешке ашық+31, түнде +27
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 345.55  € 401.01  P 5.45

Қарақшылар көршіден құтылмады

11 тамыз 2017 00:00
Сурет: ІІД баспасөз қызметі

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарақшылықпен шабуыл жасады деп күдіктелген екі сотталушыға қатысты үкім шығарды.


«АЖ» бұл атышулы оқиға туралы бұдан бұрын хабарлаған еді. 26 cәуірде таңертең Мақат ауданның бұрын сотталған 26 және 27 жастағы тұрғындары қала маңындағы Көкарна (бұрынғы Курилкино) ауылындағы жеке үйге басып кіреді. Беттерін шарфпен тұмшалап алған олар зақымдаушы «Оса» тапаншасымен қорқытып, 59 жастағы қожайын әйелдің аяқ-қолын скотчпен байлап, үйден 23 млн теңге мөлшеріндегі ақша мен құны миллион шамасын құрайтын бағалы заттарын алып, бой тасалайды.

Зардап шегушінің көршісі көмек сұрап шақырған әйел дауысына тез жүгіріп жетіп, өз көлігіне отырып, қарақшыларды қуа жөнелген. Қолында тапанша болғанына қарамастан С.-ның қолын бұрап, ұстап алады. Екіншісі қашып үлгерген, ал жол бойына ақша мен бағалы заттарды лақтырып кеткен (немесе түсіріп алған). Оларды полиция сол жерлерді тінту кезінде тауып алды. Сәл кейінірек екіншісі де ұсталды.

Сот сотталушыларды ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы (қару қолданылған қарақшылық) бойынша кінәлі деп танып, С.-ға 10 жыл, М.-ға мүлкін тәркілеумен бірге 10,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын берді. Бұдан басқа, Атырау әкімі мен Атырау облыстық ІІД бастығының тарапына зардап шегушінің көршісін қылмыскерлерді ұстау кезінде батылдық көрсеткені үшін марапатқа ұсыну туралы жеке ұйғарым жолданды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1776 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

«Адам төзгісіз мекемелермен» қалай жұмыс істеу керек?  1686 рет қаралды

Атырау суретшілері: Камила ЖАПАЛОВА  521 рет қаралды

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея бірлескен саммитке дайындалып жатыр  359 рет қаралды

Атырау суретшілері: Әділқайыр Жантасов  1561 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6