Атырау, 24 тамыз 13:48
Кешке ашық+27, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.32  € 392.58  P 5.64

Трамп: Солтүстік Корея үлкен келеңсіздікке ұшырайды

11 тамыз 10:42

АҚШ президенті Дональд Трамптың бейсенбі, 10 тамызда журналистерге мәлімдеуінше, ол Солтүстік Корея мәселесінде үнемі келіссөздерді жақтаған. "Бірақ Пхеньян АҚШ-қа зиянын тигізуді ойласа, ол үлкен келеңсіздікке тап болар еді" деді Трамп.

Трамп Солтүстік Кореяға осы бағытынан танбайтын болса, "бұрын-соңды болмаған үлкен келеңсіздікке ұшырайтынын" ескертті.

8 тамызда Washington Post басылымы Солтүстік Корея өз зымырандарын ядролық оқтұмсық оқтай алатынына қол жеткзгенін жазған соң, Трамп Вашингтонның Пхеньян әрекетіне "отты қаһармен" жауап беретінін мәлімдеген. Газет бұл мәліметті АҚШ әскери барлау қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып жасаған.

Трамптың бұл мәлімдемесіне жауап берген Пхеньян Құрама Штаттардың Тынық мұхитындағы Гуам аралында орналасқан әскери базаларына таяу күндері соққы жасау жоспары барын жариялады. Солтүстік Корея осылайша Вашингтонға "ескерту жасамақ" екенін мәлімдеді.

Дереккөз: azattyq.org

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

319 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

ЦРУ директоры: Ким Чен Ынды жөнге саламыз  231 рет қаралды

АҚШ басшысы Оңтүстік Корея президентімен кездесті  370 рет қаралды

Трамп: АҚШ Солтүстік Корея мәселесін Қытайсыз да реттей алады  712 рет қаралды

Трамп Пхеньянның доқ көрсетуіне жауап қайырды  354 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4