Атырау, 21 ақпан 17:49
Түнде ашық-8, таңертең -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 318.99  € 393.70  P 5.62

​Ұлттық бюро: Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға өз еркімен келді

11 тамыз 2017 10:46

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық істегі күдіктілердің бірі Ержан Қадесов Венгриядан Қазақстанға оралды деп хабарлады. Бюро ақпаратына қарағанда, Қадесов Будапешттен 24 шілдеде "өз еркімен" оралған. Бұл іс бойынша 7 маусымда Алматы соты "БТА Банктің" бұрынғы басқарма төрағасы, шетелде тұратын оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовті сырттай 20 жылға соттаған.

Әблязов "БТА Банкті" басқарып тұрған тұста банктің проблемалық несиелер басқармасы бастығының орынбасары болған Қадесовке 2009 жылы сырттай айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған. Ресми мәлімет бойынша, 2016 жылы оның Будапеште екені анықталып, ұсталған.

"Қадесов өз кінәсін толық мойындап, Әблязовтің "БТА Банк" қаржысын қалай жымқырып, ізін жасырғанын және Қазақстаннан банк пен өзіне бағынышты компаниялардың қызметкерлерін қалай шығарғаны туралы егжей-тегжейлі мағлұмат беріп отыр" делінген.

Коррупцияға қарсы қызмет Қадесовтің тергеу органдарына болысқанын ескеріліп, оны қамау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілге босатумен алмастырылғанын және оған қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.

Дереккөз: azattyq.org

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

566 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы жайлы мәліметтерді жариялады   297 рет қаралды

Ұлттық банк зейнетақы активтерін сырттай басқару бойынша тендер жариялады  326 рет қаралды

Ақышев Bank RBK не себепті құтқарылатынын айтты  492 рет қаралды

Бишімбаев адвокаттары: Коррупцияға қарсы бюро тергеу құпиясын өзі бұзды  483 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5