Атырау, 19 қазан 10:36
Күндіз ашық+14, кешке +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.57  € 391.81  P 5.81

Қазақстанда бірыңғай анықтама нөмірі енгізіледі

11 тамыз 14:59

Қазақстанда келер жылдан бастап бірыңғай анықтама нөмірі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Ең бастысы халыққа телефонның алдында отырып, Бас прокуратураның, Ішкі істер істер министрлігінің сенім телефоны қандай еді деп отыру қажет емес қой. Оларға, елге 1414 деген бір телефон нөмірі ғана керек. Біз қазір соған барлық сенім телефондарын жинақтап жатырмыз. Мәселен, 1414 нөміріне қоңырау шалсаңыз, сол жерде отырған оператор сіздің сұрағыңызды білгеннен кейін Бас прокуратура, ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі, Білім министрлігі болсын солардың coll-орталығына береді береді. Адамдардың ойында 1414 деген бір ғана нөмір болуы тиіс. Біз қазір бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың соңына дейін бір нәтижесі болып қалар. Келесі жылдан бастап бір телефон нөміріне көшеміз деп ойлаймын. Сенім бар»,- деді министр бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстыруға арналған шарада.


Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

470 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазақстанда 31 желтоқсан демалыс күні болып өзгере ме  1012 рет қаралды

Қазақстанда 2020 жылдан кейін мұнай өндіру көлемі азаюы мүмкін  1956 рет қаралды

Қазақстанда 2017 жылдан бастап мектептерде жаңа пән енгізіледі  851 рет қаралды

Көне Сарайшық жаңалықтары  796 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5