Атырау, 24 тамыз 13:49
Кешке ашық+27, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.32  € 392.58  P 5.64

Алматыда ереуілге шыққан автобус жүргізушілеріне айыппұл салды

11 тамыз 15:34


Алматыда жалақыларын көтеруді талап етіп, автопаркке жиналған ондаған автобус жүргізушісін полиция бөліміне апарып, екі жүргізушіге айыппұл салды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 11 тамыз күні таңертең қаладағы №79, 29 және 34 маршруттардың 30-дан астам жүргізушісі рейске шығудан бас тартып, "Алматы электр көлік" мекемесінің автобус паркіне жиналған.

Жүргізушілердің Азаттыққа айтуына қарағанда, "Green Bus Company" компаниясында жұмыс істейтін олар күніне 900 билет өткізу жоспарын жойып, тұрақты айлық белгілеуді талап етеді.

29 маршруттағы автобус жүргізушісі Азамат Сағыновтың айтуына қарағанда, наразылық танытқан жүргізушілердің жалақысы соңғы төрт айда азая бастаған.

- Айлығымыз азая бастағанына төрт ай болды. Айына 19 күн жұмыс істейміз. Бізге күніне әрқайсымызға 900 билет өткізуді міндеттеген. Соған байланысты айлық белгіленеді. Бірақ біз оны орындай алмаймыз, қазір студент, оқушы жоқ. 700-730 билеттен ғана өткізіп жүрміз. Сол себептен осы айда бізге алды 50 мың, арты 15 мың теңгеден ғана айлық шықты. Өткені қалған өткізе алмаған әр билеттің ақшасын 80 теңгеден есептеп, жалақымыздан ұстап қалады. Жалақымызды дұрыстап есептеуді талап етеміз, - деді Азамат Сағынов.

Жүргізушілер "Green Bus Company" компаниясының бұрынғы басшылығы кезінде орындаған жоспарды есептегенде 350 мың теңгеге дейін айлық алған кезі болғанын, енді 150 мың теңге айлық берсе жұмыс істей беретінін айтады.

Бұған дейін "Green Bus Company" компаниясы Алматы филиалының бастығы Бауыржан Құлышев Tengrinews.kz сайтына наразылық танытқан жүргізушілердің "жолаушылардан жолақысын алып, билет бермейтінін", сөйтіп өздері "күніне бірнеше мың теңге қаржы жымқыратынын" айтқан.

"Транзакция бойынша жоспар орындайтындар жақсы жалақы алады. Мысалы, бір жүргізуші 14 күн жұмыс істеп, жосар орындап, 118 мың теңге алды. Ал басқа біреуі сонша күн істеп, жоспарды орындамаған, ақша жымқырған, сөйтіп 51 мың теңге жалақы алған. Енді келіп, ереуіл жасап, жалақысын көтеруді талап етіп отыр" деген Құлышев.

Ол ереуілді заңсыз санайтынын, ереуілге шыққан 29 жүргізушінің жұмыстан босатылатынын айтқан. "Қазір ереуілді заңсыз деп тану үшін сотқа материал жинап жатырмыз. Көлік құралында ереуіл жасауға тыйым салынған" деген компания басшысы.

Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімінен шыққан жүргізушілер Руслан Зауидынов пен Айдос Қамзаев "заңсыз ереуіл өткізгені үшін" әрқайсысына бес айлық есептік көрсеткіш (11345 теңге) көлемінде айыппұл салып, хаттама толтырғанын айтты. Полиция қалған жүргізушілерге не себепті ереуілге шыққаны туралы түсініктеме жазғызған.

Дереккөз: azattyq.org


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

269 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

БҚО-да өзге елдің азаматтығын алғанын жасырған тұрғынға 453,8 мың теңге айыппұл салынды   475 рет қаралды

Тоқтаңыз, түсірілді! Сізден 42 мың теңге  720 рет қаралды

100 мың теңге пара беріп, 1 миллион теңге айыппұл арқалады  873 рет қаралды

FIFA 10 мемлекетке айыппұл салды  573 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4