Атырау, 12 желтоқсан 18:51
Түнде бұлтты-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 335.05  € 395.12  P 5.66

Қытай: АҚШ кемесі теңіздегі шекарамызды бұзды

11 тамыз 15:39

Қытай сыртқы істер министрлігі америкалық эсминецтің Оңтүстік Қытай теңізіндегі Пекиннің бақылауындағы аймаққа енгеніне "қатты ренжігенін" мәлімдеді.

АҚШ әскерилерінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, АҚШ әскери-теңіз күштерінің эсминеці Спратли архипелагына жақын маңдағы қолдан жасалған Мисчиф рифін жағалай жүзген. Бұл ауданға Қытай мен оған көрші бірнеше ел таласып отыр.

2016 жылы маусымда Пекин Гаагадағы аралық соттың шешімін қабылдаудан бас тартқан. Халықаралық сот Оңтүстік-Қытай теңізіне Қытайдың тарихи таласы жоқ деп шешкен еді. Пекиннің бұл аймаққа таласын Вьетнам, Филиппин, Малайзия мен Индонезия да мойындамайды.

АҚШ болса теңізде еркін жүзуге кедергі келтірмеуді қалайды.

Дереккөз: azattyq.org


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

575 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Оңтүстік Корея мен АҚШ Қытайдың қарсылығына қарамастан зымыран жүйесін орнатып болды  456 рет қаралды

АҚШ пен Қытай теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізінде кездесіп қалды   655 рет қаралды

​КХДР Корей түбегінде соғыс басталатынын мәлімдеді   313 рет қаралды

АҚШ Оңтүстік Кореяға бомбылаушы ұшақтарын жіберді  320 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5