Атырау, 12 желтоқсан 20:58
Түнде бұлтты-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 335.05  € 395.12  P 5.66

Қаржы болмай тұр

11 тамыз 18:18


Привокзальныйдағы «Дина» базарынан Нұрсая ықшамауданының соңғы аялдамасына дейін бір рет болса да жүріп көргендер бар болса, мұның оңайға соқпайтынын біледі. Бұл маршрут бір сағаттай, кейде одан да көп уақыт алады.

Егер маршрут ішінде сіз үшін отыратын орын табылса, егер сіздің бойыңыз 150 см-ден аласа болса, жолым болды дей беріңіз. Өйткені мойныңды қисайтып иіліп тұру оңай емес. Ал ескі, салдырлаған автобустардың жүруі сирек.

Бұл аптап ыстықта автобус павильондары жетіспейді. Балаларын көтерген адамдар мен қариялар қолдарына түскен заттармен бастарын күннен көлегейлеп, шыжыған күн астында ұзақ тұрады. Немесе жол белгілерінің көлеңкесіне тығылуға тырысады. Нұрсая ықшамауданына әрірек кірген сайын павильондар алдымен «қалташықтарға» айналады, содан соң мүлдем жоғалып кетеді. Жолаушылар жол жиегіне немесе супермаркеттердің көлік қоятын жерлерінен түсіп қалады. Бастапқыда жүргізуші тиесілі емес жерден тоқтайды деп ойлайсың, бірақ маршрут картасымен салыстырған соң ешқандай ауытқу жоқ екенін түсінесің. Демек, аялдама сол жерде болуы тиіс.

Нұрсаяға автобус павильондары тиесілі ме деген сұрақпен біз қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарластық.

- Біз әзірлеген жоспар бойынша Нұрсая мен Жеті қазына ықшамаудандарына 30 шақты автобус павильондарын орнату жұмыстары тұр. Әзірге қаржы жоқ, - деді көлік секторының бас маманы Қуантай ҚАЛМАН.

Балықшы, Сарықамыс, СМП-136-да, ескі қала көшелеріндегі аялдамалардың көпшілігінде де павильондар жоқ.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1165 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Сарапшылар зейнетақы қорының қаражатын бюджеттегі "тесіктерді" жамауға жұмсау туралы идеяға пікір білдірді  962 рет қаралды

Соңғы бекіре ауланғанда...  1292 рет қаралды

Қатыгез махаббат  2238 рет қаралды

«Арлан» қызметкері: Бергей Жаңаөзенге ешкімді жұмсаған жоқ  3840 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5