Атырау, 24 тамыз 13:49
Кешке ашық+27, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.32  € 392.58  P 5.64

​Желіде полицейлердің ұсталған жігіттерді аяусыз соққыға жыққан видеосы таралды  

12 тамыз 16:03


Желіде полицейлердің төрт ер адаммен қақтығысы түсірілген видео пайда болы. Оқиға Павлодар дүкендерінің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған, - деп хабарлайды pavon.kz. 

Видео кадрларынан полицейлердің қабырғаға тақалып тұрған жігіттерді ұрып-соққанын көруге болады, бірі тіпті отырған ер адамның басынан тебеді. Соған қарағанда, тәртіп сақшылары оларды қызметтік көлікке отырғызғысы келген болуы керек. Павлодар облыстық ІІД өкілдері бұл мәліметті растады. "3 тамызда 05.12-де 102 нөміріне Есеналиев, 58 мекенжайында ер адамдар төбелесіп жатыр деген хабар түсті. Оқиға орнына батальон барды. Ер адамдарды көлікке отырғызу кезінде олар қарсылық білдірді, оған жауап ретінде полицейлер күш қолданды", - деп хабарлады полициядағылар. Ал ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік қызметі бұл видеоны зерттегеннен кейін полицейлердің әрекетінен өкілеттікті асыра қолдануды анықтаған. Бір полицей қазір уақытша ұстау изоляторында. Ал зардап шеккендердің олардың үстінен соталды шағым түсірмегені белгілі болды.



Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

512 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Павлодар облысында бес көлікті соққан полицей жұмыстан қуылды   96 рет қаралды

​Желіде видеосы тараған "дөңгелек үстіндегі қонақүй" билетінің құны белгілі болды   412 рет қаралды

Ақтөбеде арнайы операция: Бір әйелді кепілге алған ер адамның көзі жойылды   452 рет қаралды

Ақтөбедегі базарлардың бірінде топ болып қақтығысқан жігіттер ұсталды   644 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4