Атырау, 24 тамыз 13:47
Кешке ашық+27, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.32  € 392.58  P 5.64

Трамп Венесуэладағы ахуалды реттеуге әскери күшпен кірісу туралы сөз қозғады

12 тамыз 16:10


АҚШ президенті Америка Құрама Штаттарының Венесуэлаға қатысты әскери күш қолдана алатыны туралы мәлімдеп, кейін Николас Мадуромен сөйлесуден бас тартты.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Венесуэладағы ахуалды әскери күшпен шешуге болатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Венесуэлада сайлаудан кейін ресми билік өкілдері мен оппозиция арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен.

"Венесуэлаға қатысты бірнеше шешіміміз бар… Венесуэла алыс емес, ондағы адамдар азап тартып, қырылып жатыр, Венесуэлада біраз шара қолдануға болады, қажет болса, әскери шешімге де келеміз", — деп мәлімдеді Трамп.

Оның айтуынша, АҚШ Венесуэлада әскери операция жүргізе алады.

Бұдан кейін Венесуэла президенті Николас Мадуро Трамппен телефон арқылы сөйлескісі келген, алайда АҚШ мемлекет басшысы әріптесімен елде демократия орнаған соң бір-ақ сөйлесетінін айтты.

Дереккөз:/sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

239 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Трамп пен Меркель алғаш рет кездесті  619 рет қаралды

​Трамп АҚШ үкіметін таратып жіберемін деп қорқытты  147 рет қаралды

​АҚШ өз құндылықтарын өзге елдерде орнатудан бас тартады   147 рет қаралды

АҚШ әскери техникаларын сынап, Солтүстік Кореяға ескерту жасады   270 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4