Атырау, 12 желтоқсан 21:02
Түнде бұлтты-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 335.05  € 395.12  P 5.66

Жоғалып кеткен жасөспірімнің ажалына не себеп болды?

6 қазан 13:03

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты далалықтан 2 қыркүйекте аудан орталығы Құлсарыдан 80 шақырым жердегі Биікжал қыстағынан шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы жасөспірімнің (Өзбекстан азаматы) өлі денесі 4 қазан күні далалықтан табылды. 

Облыстық ІІД-ның баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, жасөспірімнің денесінен зорлық істері байқалмаған. Бүгінде қосымша сараптама тағайындалып, тергеу жүруде.

- Оның қандай жағдайда көз жұмғаны сараптама қорытындысы дайын болған кезде белгілі болады. Сол кезде сіздерге қосымша хабарланатын болады, - деп хабарлады Қайсағалиева.

- Кәмелетке толмаған Асулбек ХАМРОЕВТЫҢ өліміне қатысты іс облыстық прокуратураның бақылауына алынды. Марқұмның анасы Умида ХАМРОЕВАНЫҢ кәмелетке толмаған баласы А.Хамроевпен бірге осы жылдың 13 маусымында Жылыой ауданына Өзбекстаннан келіп, малшы ретінде жеке қожалықтардың біріне ауызша келісім бойынша жұмысқа орналасқандары алдын ала анықталды. 9 тамызда Хамроева баласын шаруа қожалығында қалдырып, еліне барып келмекші болған. Ал бір айдан соң келгенде ұлының 2 қыркүйекте Құлсары қаласына кетіп, содан бері оралмағанын біледі. Ол полицияға тек 12 қыркүйекте ғана хабарласқан, материалдар тіркеліп, сот алды тергеу басталып, облыстық ТЖД ұшақтың қатыстырылуымен жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды.

Жасөспірімнің мүрдесі далада 4 қазан күні шамамен шаруа қожалығынан 4-5 шақырым жерден табылды. Облыстық прокуратура қазір полцейлермен бірлесе отырып оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарының  жүргізіліп жатқанын хабарлайды.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1145 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Хабар-ошарсыз кетті  2298 рет қаралды

​Қылмыстар хроникасы  1205 рет қаралды

Отбасылық мереке  3582 рет қаралды

Қарағанды облысында атасы өз немересін өлтіріп, қашып кеткен   287 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5