Атырау, 12 желтоқсан 21:00
Түнде бұлтты-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 335.05  € 395.12  P 5.66

Көлікті айдап кетіп, аударылған

6 қазан 21:24
Көрнекі сурет


Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылында тұратын 15 жастағы екі жасөспірім бөтеннің мүлкін рұқсатсыз алып кеткені үшін айыпталуда. Олардың бірі Атыраудағы колледж студенті, екіншісі аудандағы мектептің оқушысы. Олар түн ішінде үй сыртында тұрған «ВАЗ 2110» автокөлігінің есігін пышақпен ашып, айдап кеткен.

- Көлік иесі таңертең көлігінің жоғалғанын байқап, аудандық ІІБ-не шағым түсірді. Жедел әрекет ету нәтижесінде көлік ауылдың маңында аударылған күйі табылды. Екі жасөспірім ешқандай жарақат алмаған, ал көлік зақымдалды, - деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Көлік иесі жалпы шығын көлемін 600 мың теңгеге бағалап отыр. Күдіктілердің кәмелеттік жасқа толмауына байланысты «ешқайда кетпеу» шарасы қолданылуда. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүруде.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1224 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Белоруссияда мас жүргізушілердің көліктері тәркіленетін болды  698 рет қаралды

Түнгі көлік апаты  1369 рет қаралды

Молчанов - Атырау туралы  541 рет қаралды

Бетпе-бет соғысып, қаза болды  1451 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5