Атырау, 17 қазан 11:01
Күндіз бұлыңғыр болады+9, кешке +7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.03  € 392.61  P 5.82

Саябақ құрылысы қашан бітеді?  

9 қазан 15:53

Бір ай бұрын Индербор кентінің «Көктем» мөлтек ауданында саябақ құрылысы басталған болатын. Сметалық құны - 42 млн теңге. Бұл 13 мыңнан астам халық тұратын кенттегі екінші демалыс орны болмақ.


Саябақ «Атырау-Индер» трассасының бойында орналасқан. Тапсырысшысы – жергілікті әкімдік болса, мердігері – «ЖолаушыЖол» ЖШС. Біз онда 3 қазан күні сағат 15-те барғанымызда ешкімді көрмедік. Саябақтың екі жақ бөлігінің топырағы тегістеліп, төсемтас төселе бастаған (суреттерде). Әлі бірталай жұмыс бар, күз басталғанымен айналада жүрген ешкім жоқ.   

- Бұл жеке компания ғой. Ол жұмысын жалғастырып жатыр, материалдан кідіріс болған емес. Мәселен, осы айдың 15-де қоршау жұмыстары бітпек. Құрылысшылар саябақты осы айдың аяғы, болмаса қараша айының басында бітіріп, пайдалануға береміз деп отыр. Біз көгалдандыру жұмыстарын жүргізбекпіз, - дейді Индербор кентінің әкімі Рулан ТУРАБАЕВ. 

Ал «ЖолаушыЖол» ЖШС бастығымен сөйлесу мүмкін болмады. Ол өзі хабарласам деген болатын. Мүмкін саябақтың ашылуына шақыру үшін хабарласатын болар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

413 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Құлыптаулы саябақ  794 рет қаралды

Көлеңкедегі ғимарат  1266 рет қаралды

Бостандыққа шыққандардың үштен бірі қайта қылмыс жасайды - Қасымов   136 рет қаралды

Бай өңірдің тұрмысы қалай?  1708 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5