Атырау, 12 желтоқсан 20:56
Түнде бұлтты-1, таңертең 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 335.05  € 395.12  P 5.66

Жаңа басшылар мен жаңа аймақ

9 қазан 17:21

Мақсат МҰҚАНОВ

Дүйсенбі, 9 қазан күні Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ екі облыстық ведомствоның жаңа басшыларын таныстырды. Үшіншісінің орны әлі бос тұр.

Жақында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған Сырым РЫСҚАЛИЕВТІҢ орнына Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Мақсот МҰҚАНОВ тағайындалды.

Мұқанов 1982 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын тәмамдап, Қызылқоға ауданында түрлі салада еңбек еткен. Осы дүйсенбіге дейін аудан әкімі болып қызмет атқарды.

Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ

Өз қызметінен басқа жұмысына ауысуына байланысты жақында 60 жасын тойлаған, кеңес уақытынан бері келе жатқан тәжірибелі маман - Атырау облыстық қаржы басқармасын тізгіндеген Бақытжан ЖЫЛҚЫБАЕВ та босатылды. Басқарма басшылығына бұрын орынбасары қызметін атқарған 26 жастағы Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ тағайындалды. Ол Жылқыбаевтың орынбасары болып 2017 жылдың мамырынан бастап қызмет атқарып келеді. Бисембиев бұған дейін үш жыл облыстық тексеру комиссиясының бас инспектор бас инспектор-бақылаушы қызметтерін атқарған. Өңірдің бас қаржыгерінің білімі: 2010 жылы аграрлық-техникалық колледжін, 2013 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бухгалтер-аудитор және экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.  

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасын басқарған Әбіл ЖОЛАМАНОВ басқа жұмысына ауысуына байланысты өз қызметінен босатылды.

Тағайындаулардан кейін облыс әкімі өткен аптадағы Түркия Республикасына сапарлары туралы қысқаша ақпарат беріп өтті. Іс сапардың негізгі мақсаты – Стамбулдың жанында 1986 жылы құрылған, қазіргі таңда 40 000 адам еңбек ететін индустриалды аймақтың жұмысымен танысу.

- Бізге мұндай аймақ керек. Жері бөлінді, инфрақұрылым мен ішінде жүргізілетін құрылыстардың барлығын тиімді жүргізуге тапсырма берілді. Бірден ондай деңгейге шыға қоймаспыз, дегенмен заң парламентте қаралуда, - деді Н.Ноғаев.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

2018 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қызылқоғаның әкімі тағайындалды  999 рет қаралды

Төрағаны ауыстырды  1503 рет қаралды

ІІД-дегі жаңа орынбасар  1967 рет қаралды

Мурзиев - Исатай ауданының жаңа әкімі  2370 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5