Атырау, 17 қазан 11:04
Күндіз бұлыңғыр болады+9, кешке +7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.03  € 392.61  P 5.82

""Жаңа зауыт салғанмен, оған шикізат жетіспеуі мүмкін"", "Атамбаев ашық кетті. Не ойлағаны бар?", "Сайдулдин Тілеуберді: Жоғары білім беру саласында нақты үйлестірілген жүйе жойылған",

10 қазан 14:52

AZATTYQ.ORG. ""Жаңа зауыт салғанмен, оған шикізат жетіспеуі мүмкін"" - Жанармай нарығындағы тапшылық Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауытын салу керектігі жайлы әңгімені қайта қозғады. Сарапшылар жаңа зауытқа қажетті көлемде шикізат жоғын айтады. Үкімет жаңарту жұмыстарынан кейін елдегі үш зауыттың шамасы қажеттілікті өтеуге жетеді деп сендіреді.

""Шәуешек келісімі" қазақ-қытай шекарасының негізі болды"" - Осыдан 153 жыл бұрын, яғни 1864 жылы қазан айының 7-сі күні Ресей мен Қытай арасында "Шәуешек келісіміне" қол қойылды. Тарихшы Нәбижан Мұқаметханұлы 153 жыл бұрын қол қойылған осы "Шәуешек келісімі" қазіргі қазақ-қытай шекарасының негізі болғанын" айтады. Азаттық тілшісі Ресей және қазақ зерттеушілерінің ғылыми деректері мен пікірлеріне сүйеніп, Қазақстанның шығыс шекарасының шежіресін сүзіп шыққан еді.

"Атамбаевтың сынына Қазақстандағы пікір әртүрлі" - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақ билігін сынаған мәлімдемесіне Астана наразылық білдірді. Қазақстан қоғамында Атамбаевты "екі елдің арасына іріткі салды" деп айыптаушылар да, оның сөзін "қазақтардың көкейінде жүрген шындық" деп қабылданғандар да бар.

365INFO.KZ. "«Шөп жинап жүрміз…». Оңтүстікте ұсталған ауғандардың артында кім тұр?" - Өткенде жазғанбыз бұл жөнінде. Оңтүстік Қазақстанда бір топ ауған әлдебір емдік өсімдікті жинап жүрген жерінен ұсталған. Ауғандар Оңтүстіктегі Саттаров елді-мекеніне жақын жерде құрықталған-тұғын. Сонымен тоқтады ма десек, қателесіппіз. Тағы да сол Оңтүстікте тағы бір топ ауған ұсталды. Өткен жолы ұсталғандардың саны 30 қаралы адам болса, бұл жолғысы 100 -ден асып, жығылыпты.

INFORMBURO.KZ. "Электронды кезек арқылы балабақша мәселесі шешілмеді. Білім министрлігі 2020-да кезек болмайды деп сендіреді" - Балабақша кезегін “сарғайып” күтетіндердің қатары күн санап әлі артып келеді. "2020 жылға дейін бұл мәселе толықтай шешіледі" дегенге халық сене алмай отыр.

QAZAQTIMES.COM. "Сайдулдин Тілеуберді: Жоғары білім беру саласында нақты үйлестірілген жүйе жойылған" - Жоғары білім беруді білімнің соңғы сатысы ретінде басқа дәрежедегі білім беруден бөліп қарау мүмкін емес. Өз кезегінде білім беру саласы қоғамдағы басқа салалармен тығыз байланысты және оларға тәуелді. 

AIKYN.KZ. "Жетістікке жетелейтін төте жол" - Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. Десек те, оның толғағы күннен-күнге жақындап келе жатқаны байқалады. 

"Айды айырмаған – амалды білмейді" - Мұсылманша ай аттары: Қаңтар – Сафар. Ақпан –­ Рабиғул әууәл. Наурыз – Рабиғул ахир. Сәуір – Жумадил әууәл. Мамыр – Жумадил ахир. Маусым – Ражәб. Шілде – Шағбан. Тамыз – Рамазан. Қыркүйек – Шәууәл. Қазан – Зулқағда. Қараша – Зуллхижжа. Желтоқсан – Мухаррам.

BAQ.KZ. "Атамбаев ашық кетті. Не ойлағаны бар?" - Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзі талқыланып жатыр. Көрші елдің биліктен кеткелі отырған басшысы Қазақстанға ауыр айыптар таққан болатын.

QAMSHY.KZ. "Ғалым мен таксистің әңгімесі" - Ол күндегі әдетінше сабағын аяқтап болған соң, кітаптары мен ноутбугын сөмкесіне салып, университеттің күншығыс жағындағы қақпасына беттеді. Сол қақпаның алдынан оның үйіне таяу маңға баратын №77 автобус жүретін еді. Жол-жөнекей ұялы телефонындағы Citybus қондырғысының  бағдар бақылағышынан қарап еді, ешқандай белгі білінбеді. “Бәлкім ұялы телофонындағы интернеттің шекті балансы бітіп қалды мекен?”- Ол осылай ойлады да аялдамаға келіп тоқтады...


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

486 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5