Атырау, 21 ақпан 17:53
Түнде ашық-8, таңертең -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 318.99  € 393.70  P 5.62

Катардан 2022 жылғы футболдан Әлем чемпионатын тоқтатуды талап етті

11 қазан 2017 15:41


Біріккен Араб Әмірлігі ресми өкілдерінің бірі  жақында Катардан арадағы салқын қарым-қатынасты қалпына  келтіру үшін орынсыз талап қойған.  

Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды. 8 қазан күні Біріккен Араб Әмірлігі Дубай қауіпсіздік бөлімінің лауазымдысы Ричад Халфан Твиттер парақшасында: «Егер Катар 2022 жылғы сол елде өтетін Футболдан әлем чемпионатын өткізуден бас тартса, барлық қиындықтардан құтылады», – деп жазған. Дегенмен, бұл қисынсыз талапқа Катар билігі  дейін жауап қайтармады. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың маусым айында Сауд-Арабиясы,   Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн, Мысыр қатарлы төрт ел Катарды «терроризмді қолдап, аймақтардың тыныштығын бүлдірді» деп айыптап,  дипломатиялық байланысты үзген еді. Барлық барыс-келісті түбегейлі тоқтатып, Катар дағдарысы деп аталатын геосаяси дағдарыс қалыптастырған болатын. Катар үкіметі бұл айыптаулардың барлығын терістеген. Ал, байланысты жақсарту үшін әлемдік футбол додасын тоқтату сынды талабына, Катар жақтың қандай жауап қайтаратыны беймәлім. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

650 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Катар 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін  524 рет қаралды

Италия 2018 жылғы әлем чемпионатына бармайтын болды   395 рет қаралды

2014 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатына қатысушылар анықталды  933 рет қаралды

​Өзбекстан ҰҚК басшысының Дубайға 12 млн доллар қаржы салғандығы анықталды   776 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5