Атырау, 17 қазан 11:04
Күндіз бұлыңғыр болады+9, кешке +7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.03  € 392.61  P 5.82

Спортшы полицейлер

12 қазан 00:00


Жыл бойына Қазақстан полициясының 25 жылдығын тойлау аясында Атырауда жаппай спорт шаралары өтіп, облыстағы спортшы полицейлер көптеген жүлделі орындар алды. Бұл туралы «Динамо» ДСҚ ҚБ облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Хайдар ЕСЕНҒАЛИЕВ (суретте) әңгімеледі.

– Полиция қызметкерлерінің арасындағы сайыс қаңтарда қоян-қолтық ұрыс бойынша іріктеу турнирінен басталды. 31 наурызда «Мұнайшы» СК-де абсолюттік салмақ дәрежесінде қазақ күресі мен кір тасын көтеру спорты бойынша турнир өтті. Күрес сайысында арнайы жедел әрекет ету бөлімі қызметкері, белдесіп күресуден әлем чемпионатының жүлдегері Нұрболат Ыстыбаев жеңді. 2-орында – мемлекеттік күзет басқармасының қызметкері Дулат Балимов. Офицерлер салмағы 24 және 32 келі болатын кір тастарымен жақсы таныс екенін  паш етті. Бес салмақ бойынша жеңімпаздарға спорт киімінің жиынтығы табыс етілді. Сәуірде мини футболдан турнир өтіп, оған ІІД-нің 11 бөлімшесінің командалары қатысты. 1-орынды ТЖД, 2-орынды – ІІД, 3-орынды – ҚІІБ алды. Волейболдан өткен сайыстарға ТЖД екі команданы шығарып, олар 1-ші және 2-ші орындар алды. 3-ші орында - Құрманғазы АІІБ. Құрманғазы АІІБ-ден Айнұр Теміржанова үздік деп танылды. Ал полицей күзеті басқармасынан Ақтолқын Сапашева үздік байланыстырушы деп танылды. 25 мамырда «Мұнайшы» стадионында президенттік көпсайыс бойынша чемпионат өтті. ІММ бізге сайыс қағидалары туралы ереже жолдады. Команда 4 адамнан құралуы тиіс. Бағдарламада: жасына қарай 60, 100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, салмағы 700 грамм болатын граната лақтыру, 50, 100 метрге жүзу, пневматикалық винтовкадан ату, 1000 және 3000 метрге кросс сайыстары бар. Үздік нәтижеге жеткендер: 1-орынды – оқу-жаттығу взводының командасы, 2-орынды – арнайы дайындық басқармасы, 3-орынды -  арнайы жедел әрекет ету бөлімі алды.

–  Сіздің спорт қоғамының жанында «Жас динамошы» клубы жұмыс істейді. Осы туралы айтып берсеңіз.

– Балаларды қорғау күніне орай «Жас динамошы» клубының қолдауымен 2005-06 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдо, джиу-джитсу және қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнирлер өтті. Жоғары біліктілік көрсеткен төрешілер Азамат Тәжіғалиевқа, Әсет Қабеновке үлкен алғысымызды білдіргіміз келді. «Динамо» облыстық филиалының жанынан жыл басынан бері самбо, футбол, волейбол, қоян-қолтық ұрыс бойынша 4 спорт секциясы жұмыс жасап келеді. Бүгінгі күні оларға дзюдо, джиу-джитсу және бокс секциялары қосылды.

10 маусымда «Нұрсая» ДСК-де полицейлер мерейтойын атап өту аясында құқыққорғау органдарының арасында волейболдан облыс чемпионаты өтті. 1-орынды ТЖД, 2-орынды ҰҚКД, 3-орынды – ІІД алды. Шабуылшы - Алмаз Тайшыбаев (ҰҚК), байланыстырушы – Нұрлан Сағындықов (ТЖД), қорғаушы – Жантуған Жанболатов (күзет басқармасы), тосқауылшы– Арғын Сабиров (ІІД) үздік ойыншылар деп танылды. Олардың барлығы алқалармен марапатталып, спорт киімдерінің жиынтықтары табыс етілді. Осыдан кейін мини футболдан өткен турнирде Серік Ботпенов, Данияр Әлиев және Ерназар Табылдиев үздік ойыншылар деп танылды.


Маусымда полицейлер арасында самбодан Өнербек Паритов,  Қожахмет Жайсақов, Жандос Иманбаев, Айдын Кайбуллин, Серікбай Шпанов, Бақыт Иманбаев, Әлижан Қабдиев пен Жеткізген Аманжумов облыстық чемпионаттың жеңімпаздары атанды. «Үздік техникасы үшін» жүлдесі Азамат Надировқа, «Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесі Нұрлан Шамовқа бұйырды. 

Тамызда Атырауда құқыққорғау органдарының, күш және басқа арнайы құрылымдар қызметкерлерінің 6-шы Жазғы Спартакиадасы мен самбодан ІІМ чемпионаты өтті. Сайысқа 24 команда қатысты. Онда КСРО спорт шебері, полицейлер арасында дзюдодан әлем чемпионы, ІІД бастығы Аян Дүйсембаев құттықтау сөзін сөйледі.

ІІД қызметкерлерінің арасынан Жандос Иманбаев – алтын, Нұрболат Ыстыбаев пен Аманбек Аруов – күміс, Серік Ерғазиев – қола алқалар алып, ерекшеленді.

Қазір ІІД командасы қараша айында Қостанайда қоян-қолтық ұрыс бойынша өтетін ІІМ чемпионатына қатысуға әзірленуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Сурет «Динамо» ДСҚ ҚБ-нен алынды

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

444 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Спорт жаңалықтары  356 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  804 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  768 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  960 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5