Атырау, 22 маусым 00:29
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

Михаил Саакашвили Петр Порошенкоға ультиматум қойды

12 қазан 2017 11:29


Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Украина президенті Петр Порошенкоға ультиматум қойды – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі. 

Михаил Саакашвили «Украинская правда» интернет-газетіне жариялаған мақаласында Петр Порошенкоға төрт бірдей талап қойған. Ол онда  Петр Порошенкоға Украинада қысқа уақыт аралығында жемқорлықпен күресуге, жаңа сайлау заңын қабылдауға, тұрғын-үй коммуналды қызметі тарифін арзандатуға және бизнесін сатуға кеңес берген. 

Саакашвилидің сөзінше, ел билігі бұлай істемеген жағдайда Украина көп ұзамай әлеуметтік-экономикалық құрдымға кетеді. Ал ол өз кезегінде елді басқарусыз әлеуметтік төңкеріске алып келуі мүмкін. 

Естеріңізге салайық, Михаил Саакашвили осы уақытқа дейін Украинаны аралап, халықпен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдаған болатын. Саакашвили өзін Петр Порошенко Украина азаматтығынан шығарып тастағанан кейін АҚШ пен Польшада болған. Ал Украинаға қыркүйек айның 10-ы күні келген.

Дереккөз: qazaqtimes.com


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

544 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Саакашвили Грузияның билігіне оралу туралы мәлімдеді   534 рет қаралды

Саакашвили жақтастары Порошенконың отставкаға кетуін талап етті  333 рет қаралды

Саакашвили Нидерландта тұруға рұқсат алды  432 рет қаралды

Киевте Саакашвили президент Порошенкоға қарсы шеру өткізді  445 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6