Атырау, 17 қазан 11:01
Күндіз бұлыңғыр болады+9, кешке +7
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.03  € 392.61  P 5.82

Қостанайда педофил 17 жылға сотталды

12 қазан 12:01


Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелеттік жасқа толмаған үш қызды зорлауға әрекеттенген облыс тұрғынына қатысты сот ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Іс материалдары бойынша, 40 жастағы Леонид Кравцов Первомай орта мектебінде жұмыс істеп жүргенде арсыз әрекетке барған. Музыка пәнінің мұғалімі үстіміздегі жылдың 12 маусымы күні Мәдениет үйіне үш қызды алдап әкелген. Сәлден соң 6,7 және 10 жасар үш оқушының киімдерін шеше бастаған. Алайда 10 жасар қыз бірден Мәдениет үйінен қашып кеткен. Кейін белгілі болғандай, Кравцов қыздарды пианино үйретуге және тығылмақ ойнауға шақырған.  

Сот үкімімен педофил қылмыс жасады деп айыпталып, ҚР ҚК «14 жасқа дейінгі баланы зорлауға оқталу» бабы бойынша 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол өмір бойы педагогика саласында қызмет істеу құқығынан айырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

128 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты   867 рет қаралды

Есентаеваның күйеуі 9 жылға сотталды  1037 рет қаралды

Мұратхан Тоқмади үш жылға сотталды  116 рет қаралды

Шымкенттегі жемқорлық дауы: Үкімді естіген парақор судья жылап жіберді   321 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5