Атырау, 20 ақпан 03:08
Таңертең ашық-3, күндіз +2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.32  € 396.28  P 5.66

Қазақ әліпбиін құрастырушылар Назарбаевқа қазақстандықтардың "W" әрпіне қарсы екенін айтты

12 қазан 2017 14:29


Жаңа латын әліпбиін құрастырушылар жаңа жобада неліктен диаграф пен "W" әрпінен бас тартқандарын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қоғамдық пікір жайлы айтатын болсақ, пікір қалдырушылардың 85-90 пайызы және мамандардың барлығы дерлік "W" әрпіне қарсы болды. Президентпен өткен кездесуде бұл туралы айтылды. Министр де адамдардың 90 пайызының бұған қарсы болғанын айтып өтті. Мұнда қоғамдық пікірді ескердік", - деді Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

Сондай-ақ, ол жаңа жобада қоғамның пікірі назарға алынып, диаграф жүйесінің апострофтарға ауыстырылғанын айтты. 

"Біз бір дыбыс - бір әріп етіп жазуды үйренгенбіз. Екі әріп пен бір дыбыс қоғам үшін жат, үйреншікті емес болды. Сондықтан басым бөлігі қарсы болды. Әліпбидің құрастырудың негізі үш әдісі бар - умлаут жүйесі, апостроф арқылы және диграф арқылы. Диаграф жүйесі болмайтын болды, сондықтан апострофқа көштік", - деді Ербол Тілешов.

Дереккөз: Tengrinews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

370 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты  544 рет қаралды

​Білім және ғылым вице-министрі қанша жалақы алатынын айтты  365 рет қаралды

​Астанада әйел автобуста келе жатып қайтыс болды  236 рет қаралды

Ұлыбританияда «жалғыздық жөніндегі министрлік» пайда болды  269 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5