Атырау, 20 ақпан 03:07
Таңертең ашық-3, күндіз +2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 319.32  € 396.28  P 5.66

Қытайда жөндеуден қайтып келе жатқан Air Astana ұшағы ақау салдарынан қона алмады

12 қазан 2017 16:05


"Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы кезекті рет келеңсіз жағдайға ұшырап отыр. Бүгін, 12 қазанда ұшақ шасси ақауынан жерге қона алмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әуе компаниясының баспасөз қызметінен айтып берді.

Ұшақ жақында ғана Қытайдың Самьян қаласындағы HAECO техникалық қызметінде С-сheck көлемінде жөндеуден өткенін атап өтейік.  "Алматы уақытымен 08:00-де ұшып, шасси жиналғаннан кейін шасси жиналмағанын білдіретін индикация іске қосылды. Ұшаққа Алматыға қайтып келуге жететіндей етіп көп жанармай құйылғандықтан, жерге қонуға қажетті салмаққа дейін жету үшін жанармайды әуеде жұмсау керек болды. Сондықтан ұшақ Алматы әуежайының айналасында үш сағат айналып ұшып жүрді. Ұшақта екі ұшқыш және екі инженер болатын. Қазіргі кезде HAECO қызметкерлері ақауды анықтап жатыр", - деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілдері.  

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болғанын атап өтейік.

Дереккөз: Tengrinews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

391 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Қозғалтқыш ұшу алдында істен шықты  904 рет қаралды

Air Astana ұшағы Түркиядан ұшып шыға алмады  528 рет қаралды

"Эйр Астана" өкілдері әуе билеттерінің қымбаттауына қатысты түсінік берді   878 рет қаралды

Ресей Голландияға MH17 ұшағы туралы құжаттар берген  630 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5