Атырау, 22 қараша 14:09
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Индер трассасында бес адам көз жұмды

13 қазан 10:42


12 қазанда кешкісін сағат 21-де Атырау-Индер трассасында қала маңындағы Жұлдыз-3 ықшамауданының жанында жол-көлік оқиғасы орын алып, бес адам көз жұмды.

Жартылай жүк тіркемесі бар МАЗ көлігі мен Мерседес-Бенц Гелендваген бетпе-бет соқтығысып қалған. Жеңіл көлікте болған бес адамның бәрі – 29 жастағы жүргізуші, 77, 64, 58 жастағы әйелдер мен 80 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Ал жүк көлігінің 41 жастағы жүргізушісінің аяғы сынып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлауынша, жүк көлігінің рөлінде тауарларын түсіріп, үйіне қайтып бара жатқан Орал тұрғыны болған. Мерседес қалаға Ақсай ауылы жақтан келе жатқан.

Мұрат  СҰЛТАНҒАЛИЕВ

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

4699 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4 5