Атырау, 22 қараша 14:07
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Сақинамен ұстады

18 қазан 14:50


Азаматтық белсенді Бекболат МҰХАНАЛИЕВ биылғы жылдың 21 тамызында өзін полицей қызметкерлерінің ұстағаны туралы айтып, редакцияға хабарласқан еді. Енді оның үстінен «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс көтерілді.

Мұханалиевтің айтуынша, ол жиһаз жөндеу жұмыстарымен айналысады. Оның ұялы телефонына дәл сол күні Балықшы тұрғынынан тапсырыс түседі. Алдын ала хабарланған мекенжай бойынша іздеп барған оны екі бөлмелі жалдамалы времянкада тұратын бейтаныс келіншек күтіп алып, шағын кітап сөресін жөндеп беруін өтінеді. Сонымен бірге үйдегі басқа да ұсақ-түйек жұмыстарға көмектесуін сұрайды. Осы кезде құрал-сайманы салынған дорбасы кітап сөресінің қасында қалған Бекболат, келісілген жұмысы аяқталған соң, 2000 теңге ақшасын алып, Жұмыскер ауылына қарай көпір арқылы жаяу өтеді.

Көпірден түсіп, жақын маңдағы дүкеннен аса бергенде, оны полицейлер тоқтатып, «Іс бойынша тоқтатып тұрмыз, сізді тексереміз» деп, қызмет куәліктерін көрсетеді. Бастапқыда «қателескен шығар» деп мән бермегенімен, сәлден соң ойына өзі секілді азаматтық белсенділерге әдейі жасалған қастандықтар түсіп,  «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирді қосып, достарына хабарлайды. Полейцейлер тексеру кезінде дорбасынан біреудің алтын жүзігін тауып алады. Бұдан соң Бекболат Мұханалиевті полицейлер қалалық ішкі істер басқармасына әкеледі. Тек қорғаушысы келіп, ішкі істер басқармасына кіргеннен кейін ғана оған Балықшыдағы полиция бөлімшесіне «сақина жоғалуы» бойынша жергілікті тұрғыннан арыз түскенін мәлімдейді.

- Арызданушының айтуынша, шкатулканың ішіндегі толған алтын сақинаның ішінен әлгі сақинаны ғана «ұрлаппын», - дейді Бекболат мысқылдап.

Біз бұл оқиғаға қатысты комментарий беруге облыстық сотқа хабарластық.

- Айыптау актісіне сәйкес, Б. Мұханалиев тапсырыс бойынша бір үйге жиһаз жөндеуге барады. Сол жерде оны жәбірленушінің 41 000 теңге тұратын алтын сақинасын ұрлап алған деп айыптады. Қазіргі уақытта Б. Мұханалиевке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-тармағымен («Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру») №2 қалалық сотта қылмыстық іс қаралып жатыр, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Мирас ҒАБДОЛХАЕВ.

Сот отырысы қазанның 9-ында басталған. Ұрлық жасады деп айыпталып отырған азаматтық белсенді Бекболат Мұханалиев келесі сот  отырыстары жабық өтеді ме деп қауіптенеді.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1642 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Сақинамен ұстады - 2  1788 рет қаралды

Бас прокурор Әбу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды   418 рет қаралды

"Прокурор" ісі: Қауіпті ойын  1439 рет қаралды

Ерасыл Әубәкіровтың ісі сотта жабық қаралады   653 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5