Атырау, 22 маусым 06:52
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

Шпекбаев: Коррупцияға іліккен шенеуніктерден 5 миллиард теңге өндірілді

24 қазан 2017 14:49

ЖСДП саяси бюросы президиумының төрағасы Зәуреш Батталова (оң жақта), Коррупция,а қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Алик Шпекбаев ЖСДП жиынында отыр. Астана, 24 қазан 2017 жыл

Соңғы бірнеше жылда жемқорлықпен ұсталған ірі шенеуніктер мемлекетке бес миллиард теңгеге жуық қаражат қайтарды деп мәлімдеді Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Алик Шпекбаев. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы ол Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) ұйымдастырған коррупцияға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде айтты. "Коррупция - әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің басты факторы" деп аталатын шараға үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, заңгерлер мен сарапшылар қатысты.

Шпекбаевтың мәліметі бойынша, былтыр жемқорлықпен күрес шарасы аясында екі жүз алпысқа жуық қылмыстық топ анықталған. Ал, тіркелген қылмыстардың ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлық алдыңғы орында тұр. Бұл сала жемқорлық ісі бойынша тіркелген істердің он екі пайызын құрайды.

Азаттық тілшісі Алик Шпекбаевтан "Коррупциялық қылмыспен ұсталды деген ақпараттың көбеюі құзырлы органдардың коррупцияға қарсы қызметін күшейткенінің әсері ме, әлде коррупциялық қылмыстар шынымен көбейгенін көрсете ме?" деп сұраған.

Коррупцияға қарсы бюро басшысының орынбасары сұраққа жемқорлық фактілерін тіркеу мемлекеттік органдар қызметінің "ашықтығының арқасында" көбейіп жатқанымен, адамдар коррупция туралы ашық айта бастағанымен, сенім телефондары жұмыс істейтінімен" байланыстырып жауап берді.

ЖСДП саяси бюросы президиумының төрағасы, саясаткер Зәуреш Батталова жиында қазір жемқорлықтың тұрмыстық-әлеуметтік және саяси болып бөлінетін екі түрі барын айтты. Оның пікірінше, саяси жемқорлықты жоюға "билік мүдделі болуы тиіс".

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

555 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​ҰҚК: Сирия мен Ирактан елге оралған содырлардың 57-сі сотталды  323 рет қаралды

ҰҚК-ге коррупциялық істерді тергеу құқығын беруді ұсынды  713 рет қаралды

Қайрат Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды  934 рет қаралды

Жауап алудан кейінгі өлім  2463 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6