Атырау, 22 қараша 13:48
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Аққуды атуға болады

2 қараша 00:00

- Біз аққуды махаббат пен мейірімділіктің символы ретінде қарастырамыз, ал кеше ФБ-да кішкентай бала қазды өлтіріп жатқан аққудың суретін көрдім. Шындығында осылай болуы мүмкін бе?

azh.kz сайтынан

Сұраққа облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының аңшысы Александр ИВАСЕНКО (суретте) жауап берді:

- Аққу өлтірмейді, ұя салуға қарсылығын білдіріп, басқа құстарды – қасқалдақтарды, үйректерді және басқаларды өз ұясынан 400 метрге дейінгі радиуста қуып тастайды. Сондықтан ФБ-дағы сурет монтаждалған деп ойлаймын.

Аққудың басқа құстардың көбеюіне кедергі келтіретіні шындық. Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінен сұңқылдақ аққу мен үлкен суқұзғын популяциясының шағын бөлігін ату үшін бірнеше рет рұқсат сұраған болатын. Атырау облысында құстардың ұшуы барысында аққудың үш түрі өтеді – сұңқылдақ, қиқылдақ және кіші аққу. Соңғы екеуі Қызыл кітапқа енгізілген. Сұңқылдақты атуға Астрахан облысында рұқсат бар. Ал бізде – Солтүстік Каспийдегі Қамысты, Тасты қолтық, Забурын және басқа жерлерде 250 мыңға дейін сұңқылдақ ұя салады. Аққулардың санының көбеюі судағы жабайы құстардың азығы - шалаң өсімдігінің азаюына әкеледі. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті біздің ұсынысымызға құлақ асты. 2018 жылы күзгі аң аулау маусымында сұңқылдақтар популяциясының 5 % атуға рұқсат берілуі мүмкін. Аққудың еті дәмді, алайда дәмділігі жағынан үйрек пен қаз етіне жетпейді. Сонымен қатар аңшылар қоғамында үлкен суқұзғынының тағдырына қатысты арнайы шешімді күтуде, олар балық шабағын азық қылады. Ал кіші суқұзғын халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

384 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынды  169 рет қаралды

Өлі және тірі су  1465 рет қаралды

Қоғамдық көліктер: Ақтау, Орал, Ақтөбе  498 рет қаралды

Көлеңкедегі ғимарат  1369 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5