Атырау, 26 сәуір 16:36
Кешке ашық+13, түнде +13
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.28  € 398.22  P 5.29

Атырауда қоқыс контейнерінен сәби табылды  

7 қараша 2017 16:34


Бүгін түнде, 7 қарашада Атыраудағы Нұрсая ықшам ауданында №64 үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен пакетке салынған жаңа туылған қыз бала табылды.

Куәгерлердің айтуынша, сәбидің кіндігі де кесілмеген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен дәрігерлер сәбидің кіндігін кесіп, облыстық ауруханаға алып кеткен.

- Мен түнгі он екі шамасында есік алдына шылым шегуге шықтым. Қоқыс жәшігінің қасына барсам, бірдеңе тыпырлап, жылайды. Тыпырлаған мысық па деп ойладым. Ашып қарасам, сәби жатыр екен. Шошып кетім, үйге, жылы жерге әкеліп, 102-ге хабарластым. Дәрігерлер мен полиция келді, - дейді баланы тауып алған тұрғын. - Өзімнің бес ұлым бар. Енді осы қызды асырап алғымыз келеді. Бүгін күндіз барып, сәбидің жағдайын біліп келдік. Дәрігерлер еш жеріне зақым келмеген, жағдайы жақсы дейді.   

Ернат СЫБАНКУЛОВ, Атырау облысы прокуроры:

- Нұрсая ықшам ауданындағы қоқыс жәшігінен сәбидің табылғаны рас. Сәбиді тапқан Атырау қаласының тұрғыны бірден қалалық ІІБ-не хабар берген.  Қазіргі уақытта сәби Атырау облыстық перинаталдық орталығында. Бұл факт ҚР ҚК-ның 24-бабы және 100-бабы бойынша (жаңа туған сәбидің өлім құшуы фактісі) сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

№64 үйдің тұрғындарының айтуынша, сәби табылған ауладағы бейнебақылау камераларының істен шыққанына екі жылдан астам уақыт болғанын айтады.

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

4967 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Құлсарыда қоқыс жәшігінен өлі шарана табылды  1593 рет қаралды

Екі күн ішінде үш өрт болып, сәби қаза болды  1052 рет қаралды

​Қостанай облысында құдықтан сәби өлі табылды  206 рет қаралды

Оралда зираттан жаңа туған сәбидің денесі табылды  290 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4