Атырау, 22 қараша 13:59
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Жол қиылысында қозғалу тәртібін білеміз бе?    

8 қараша 10:21

«АЖ» редакциясының өтініші бойынша облыстық ІІД жол полициясы Атыраудағы көлік қозғалысы көп қиылыстарда бағдаршамдардың сигналдары мен түрлі белгілерді қабылдау қиындығына қатысты комментарий берген еді.

Жол жүру ережесі – ұрпақтан ұрпаққа миллиондаған адамдар оқып шыққан және әлі де оқи беретін кітап. Оны кейде өзгеше түсіндіреді. Мәселен, қиылысқа шыққан кезде кейбір жүргізушілер, неліктен екені белгісіз, белгіге емес, жаяу жүргінші бағдаршамына қарайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әрбір екінші адам осылай жасайды екен. Бұл жолы Азаттық - Әліпов және Азаттық – Махамбет қиылыстарынан осындай құбылысты байқадық. Жүргізушілер солға/алға/оңға маневр жасауға мүмкіндік беретін реттелетін «Жол бер» белгісі бар қиылысқа келіп, жол қозғалысының басқа бүкіл қатысушыларын өткізіп жібереді. Бірақ бұл жүргізушілер жолдың арғы бетінде орнатылған жаяу жүргінші бағдаршамының жасыл түсі қашан жанатынын күтіп тұрады.

Азаттық - Алипов көшелерінің қиылысы (Шипажай)

Мұндай жүргізушілерді ЖПБ да біледі екен, олар үшін арнайы түсінік берілді: «Азаттық даңғылы - Әліпов көшесі қиылысында («Атырау» шипажайы) Әліпов жақтан шығу Азаттық даңғылының бойындағы бағдаршам сигналына қарамастан жүзеге асырылады. Тиісінше қозғалыс кедергісі болмаған жағдайда, тек жол белгілері мен жол қауіпсіздігі шараларына бағынып, осы қиылыстан өте аласыз. Азаттық көшесімен қиылыста Махамбет көшесі бойындағы 130 және 130 «а» үйлерінің ауласы аумағынан шығу да осылай жүзеге асырылады». 

Азаттық - Махамбет көшелерінің қиылысы

Сәтпаев даңғылы – Тайманов даңғылы қиылысында №32 тұрғын үйдің ауласынан шыққан кезде де және Сатпаев даңғылы – Молдағұлова көшесі қиылысында «Анвар» дүкені жақтан шыққан кезде де осылай жүріп өтеді. Айта кету керек, бұл қиылыстан өту ережелері туралы біз әлденеше рет жаздық. Бірақ жүргізушілердің бір бөлігі «Жол бер» деген белгісін елемей, келесі қиылыста орналасқан бағдаршамды басшылыққа алады. Шындығында, бұл жерде де сол талап қойылған – бүкіл қозғалып бара жатқан көлікті өткізіп, басты жолды кесіп өтеді. Екі жол бөлігінің қиылысында қалған кезде осы жерде орналасқан тоқтау сызығы белгісінің үстіңгі жағындағы бағдаршамды басшылыққа алған жөн: егер жасыл түс жанып тұрса – келесі басты жолға өтесіз, басқа түс жанып тұрса, тоқтау сызығының алдына тоқтайсыз.

Сәтпаев - Молдағұлова көшелерінің қиылысы

Жағалау жақтан Азаттық – Тельман қиылысына шығар кездегі ахуал сәл күрделілеу. Бұл жерде «Жол бер» белгісі жоқ. Есесіне көз көрерлік аймақта жаяу жүргінші бағдаршамы бар. Қанша оғаш көрсінсе де, көпшілігі осыған сүйенеді. Алайда бұл жерде де жол жүру нормасы бағдаршаммен реттелмейтін басқа қиылыстардағыдай: қозғалыстың бүкіл қатысушыларын өткізіп барып, бағдаршамның кез-келген шамынан өте береді.

Тельман - Махамбет көшелерінің қиылысы

Келесі даулы қиылыс – қалалық №2 сот ғимараты жақтан солға қарай шыққан кездегі Тельман – Махамбет қиылысы. Бұл үнемі кептелістер орын алатын қолайсыз тар өткел.

Қозғалыстар болмаған кезде басты жолға шығып, көлік ағынының арасына қиғаштап кіріп, жасыл шамның жануын күту - кең қолданылатын тәжірибе. Мұндай маневрді екі көлік болған жағдайда жасауға болады, ал үшінші көлік қарсы қозғалысқа кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ бұл желікпе жүргізушілерге тосқауыл болмайды да, нәтижесінде өткізу қабілеті азайып, кептеліс орын алады. Бұл үшін айыппұл 10 АЕК-ке жетеді. Іс жүзінде ығысқан қиылысқа шығып, оны кесіп өтіп/солға/оңға бұрылып, тек орнатылған «Жол бер» белгісін басшылыққа алып, кедергі болмаған жағдайда бағдаршам объектісіне бағынбай маневрді аяқтайтын жүргізушінің әрекеті дұрыс. Жол полициясы тек осы нұсқаның дұрыс екенін растайды.

Ескерту шарасы ретінде ЖПБ бүкіл заң бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеуге қабілетті «интеллектуалдық қиылыстарды» орнату жоспарланып отырғанын хабарлады.

Бүгінде жүйе тестілік режимде Алмагүл ықшамауданына қарай көпірден түскен кезде Махамбет – Бейбарыс қиылысында орнатылған. Ол бағдаршамның тыйым салынған сигналы жанған кезде қиылысқа шығып кеткенде; жаяу жүргінші өткеліне шығып кеткенде және тоқтау сызығынан асып кеткенде тіркеп алады. ЖПБ мәліметі бойынша, жүйе тәулігіне осындай 1000 шақты ереже бұзушылықтарды тіркеп алады екен. Егер жоба мақұлданып, жүйе қаладағы бүкіл қиылыстарға орнатылатын болса, қалалық қазынаның лық толары сөзсіз.

Жүргізушілердің назарына – «Тоқтауға тыйым салынады» белгісі Азаттықтан Әліповке шыққан кезде дұрыс көзге көрінбейді. Ол қалың ағаш жапырақтарымен тасаланған және осы жерде өз құрбандарын жиі аңдып тұратын кейбір жол полициясы инспекторлары үшін қолайлы. Ал «Орнатылған жол белгісі талабын бұзғаны» үшін айыппұл сомасы - 3 АЕК.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

851 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қиылыс мәселесі  90 рет қаралды

Атыраудың жол жоспары  886 рет қаралды

Айырмашылық белгісі  1526 рет қаралды

Апат себебі – майысқан рельстер  1193 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5