Атырау, 22 қараша 14:05
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Қараңғыда қағып кетті

8 қараша 11:05


7 қарашада кешкісін қала маңындағы Көктем ықшам ауданының Атырау-Индер трассасында жеңіл көлік жүргізушісі 18 жастағы жігітті қағып кетті. Зардап шегуші ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Жас жігіт Қызылқоға ауданынан келген, Атыраудағы колледждердің бірінде оқыған екен. Туыстарының үйінде тұрған жігіт техникалық маман болуға дайындалып жүріпті.

Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА:

7 қарашада сағат 20:24-те 102 пультіне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті: «Фольксваген Пассат» көлігін жүргізген 1999 жылғы жүргізуші 18 жастағы жігітті қағып кеткен. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалды.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт автобустан түсіп, жолдан өтіп бара жатқан кезде көлік қаққан. Қала маңындағы ықшамаудан мен ауыл тұрғындары әкімдікке жол бойында жарық жоқтығына және жаяу жүргіншілер өткелінің жоқтығына бірнеше рет шағымданған.

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1173 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жүргізуші қыз баланы қағып өлтіріп, өзі қашып кетті  1966 рет қаралды

Қылмыстар хроникасы  1155 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  1171 рет қаралды

Жаз кетті, жағалаудан наз кетті  673 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5