Атырау, 22 қараша 14:01
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Балықшыдағы жылу тарифі

8 қараша 11:14
Фото "АЖ" мұрағатынан алынды.


30 қазанда Атырау облыстық монополияға қарсы күрес департаменті «Атырау қаласындағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің (ТҮКҚ) Балықшы поселкесіндегі жылу тарифін бір шаршы метрге 96,4 теңге көлемінде бекітті. Бұл бұрынғы тарифтен екі есе жоғары. 

Балықшылықтар 15 қазан мен 14 қараша аралығы үшін шаршы метрі 49,8 теңге болатын ескі жылу тарифімен төлейді, әрі қарай қызмет қымбаттайды.

«Тариф жаңа объектілер бойынша қайта құрылған табиғи монополия субъектісі ретінде жеңілдетілген тәртіппен бекітілді. Ережелерге сәйкес, табиғи монополия субъектісі жеңілдетілген тәртіппен тариф енгізілген сәттен бастап 9 айдан кешіктірмей жалпы тәртіппен тарифті бекіту үшін департаментке жүгінуге міндетті», - деп жауап берді біздің редакциялық сауалымызға монополияға қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Әлсейіт САБЫРОВ.

Атырау қаласындағы жылу тарифін салыстырсақ: «АЖЭО» АҚ -141,6 теңге (баспананың бір шаршы метрі үшін), «Атырау су арнасы» КМК (Бірінші учаске) – 175,97 теңге, ТҮКҚ (Нұрсая ықшамауданы) – 93,78 теңге. Бағалар ҚҚС есебімен көрсетілген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

456 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Атырауға арналмаған СМГ  1483 рет қаралды

Жылу 19 теңгеге қымбаттайды, жарық тарифі бұрынғыша қалады  1060 рет қаралды

Құпия ақпар: су тарифі көтеріледі  1011 рет қаралды

Өзімізді өзіміз қамти аламыз ба?  1599 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5