Атырау, 19 қараша 02:12
Таңертең бұлыңғыр болады+4, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.38  € 391.28  P 5.55

Көпір түсі қандай болу керек?  

8 қараша 12:53


Қала ішінде таза ауа жұтып, Атыраудың әдемі көріністерін тамашалап, жаяу жүргенді жөн көремін. Күніне бірнеше рет орталық көпірден өтемін. Өткен сайын мені көпірдің боялған түсі үнемі мазалайды. Әлеуметтік желідегі өз парақшамда жазылушыларымның арасында сауал жүргізуді ұйғарған едім. Нәтижесін назарларыңызға ұсынамын.

КӨПШІЛІГІНЕ ҰНАМАЙДЫ

Сауалнамаға қатысқан жүз адамның арасында тек 18 пайызы түс сәтті таңдалған деп есептейді, ал қалған 82 пайызы басқа пікірде.

Біреулері: «Көпірдің түсі судың түсімен бірдей, бәрі орынды» десе, «Дизайнер палитраны көзін жұмып тұрып таңдаған ба?» деп қалжыңдағандар да болды. Ал біреулер шынымен де түсті лайықты таңдалған деп есептейді: «Қызық түс, ашық, бірден көзге түседі!» - депті пайдаланушылардың бірі.

ЖАУАПСЫЗ СҰРАҚ

Қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөліміндегілер менің сауалыма тек облыс орталығындағы көпірлерге 2016 жылы техникалық және көлік-пайдалану ахуалына зерттеу жүргізу және бағалау жұмыстары жүргізілгендігі туралы, қазіргі кезде көпірлерді жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу туралы мәселе қаралуда деп жауап берді. Ал менің көпір құрылыстарының түс гаммаларын таңдау үшін кім жауапты деген нақты сұрағым жауапсыз қалды.

БАСҚАЛАРДА ҚАЛАЙ?

Мәселен, көршілес Ресейде қалалық әкімшіліктердің бірінің сайтында тұрғындар үшін көпірдің түсі қандай болуы тиіс деген сұрақ бойынша сауалнама жүргізілген. Сәулет бөлімі ұсынған түстерді таңдап, сонымен қатар, өз нұсқаларын ұсыну керек. Сауалнамаға кез келген ниет білдіруші қатысып, ұсынылған нұсқалар үшін бар болғаны бір мекенжайдан ғана дауыс бере алады.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

880 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Спорт қайда барады  1013 рет қаралды

​«Ақ Жайық» номинациялары  1263 рет қаралды

«Қазір Макс пен Талғатты тезірек босатуға қол жеткізу керек»  1814 рет қаралды

«Кішкентай елдің» үлкен жүрегі  1937 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5