Атырау, 22 қараша 14:12
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Жаңа жылда – жаңа «Ақ Жайық»

9 қараша 17:32


Жақын арада 2018 жылға газетке жазылу жүргізілмейтінін, қаңтардан бастап «Ақ Жайықты» біздің azh.kz сайтынан және әлеуметтік желілерден электронды нұсқада оқи алатындарыңызды хабарлаған едік. Оқырмандардан, әсіресе, газеттің қағаз нұсқасына үйреніп қалған аға буын өкілдерінен көптеген қоңыраулар, өтініштер мен  шағымдар түскеннен кейін 2018 жылы да «Ақ Жайықты» жаңа, анағұрлым ықшамдалған түрде басып шығару туралы шешім қабылданды.

Сайтта берілетін нұсқадан айырмашылығы - барлық негізгі жаңалықтар қысқартылған күйде жарияланатын болады. Біз қағаз түріндегі барлық газеттердің жылдамдық пен ақпарат толықтығы жағынан интернетке әлдеқашан жол бергенін негізге алған едік. Сондықтан өзіміздің басылым нұсқамызда түрлі пайдалы хабарландыруларға, жеке және жарнамалық, соның ішінде, «Құттықтау» және «Еске алу» айдарындағы құлақтандыруларға көбірек көңіл бөлеміз. Айта кету керек, осы хабарландырулар мен құлақтандырулар анағұрлым жылдам, санаулы минуттарда-ақ сайтымызда жарияланатын болады. Бірақ әркім өзіне қолайлысын таңдайды...

Ешқандай (пошталық та, баламалы да) жазылым жүргізілмейді. Жаңа форматтағы газетті «АЖ»-ның 8 қабылдау қосындарынан, облыс және аудан орталықтарындағы біздің таратушыларымыздан алуға болады.

Обьективті және танымал «Ақ Жайық» - қашан да бір қадам алда! 

Жеке ақпарат

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

803 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

"Ақ Жайықтың" қағаз нұсқасы шығарылмайды  1338 рет қаралды

Ел игілігіне еңбек еткен Компания  804 рет қаралды

Пошта онлайнға көшеді  873 рет қаралды

«Чемпион болып қалу керек»  776 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5