Атырау, 22 қараша 14:15
Кешке бұлтты+7, түнде +5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.29  € 387.27  P 5.56

Әлем барыстары Атырауда  

10 қараша 16:31


8 қарашада Х. Досмұхамедұлы атындағы АМУ жанындағы «Жайық» спорт кешенінде бұрынғы NBA жұлдыздары Владимир РАДМАНОВИЧ пен Тадж МАКУИЛЬЯМС-ФРАНКЛИННЫҢ қатысуымен «Атырау барыстары» баскетбол клубы академиясының шәкірттеріне арналған мастер-класс өтті.

Жұлдыздар келер қарсаңда Қазақстанда 2017-18 жылғы Junior NBA лигасының басталғандығы жарияланған еді. Бұл турнир Астана мен Алматыдағы 10-12 жастағы қыздар мен ұлдарға арналған. 

«Junior NBA ерекшелігі — әрбір балалар командасы шынайы NBA  клубына сай келеді әрі алаңға сол команданың лицензиялық формасын киіп шығады», - делінген хабарламада.

Бірақ неліктен Junior NBA атыраулық балаларды айналып өткен? Бұл сұраққа АГУ-де өткен мастер-класқа қатысқан ҚР Баскетбол федерациясының вице-президенті Әлімжан ДҮЙСЕНОВ: - «Бұл маркетингтік жоба, қаржы қажет, бұл мәселені келесі жылы шешеміз деп жобалап отырмыз. Сондықтан Атырау командасы бір маусымды жіберіп алады», - деп жауап берді. 

Жұлдыздардың мастер класы жүктеме бойынша толыққанды жаттығуға сай келді. Алаңда жас баскетболшылардың қаншалықты күш салғандығына қайран қалдым.

Жаттығу аяқталғаннан кейін балалар сөмкелерінен Владимир мен Тадждың суреттері салынған плакаттарды шығарып, қолтаңба алуға ұмтылды.  Мен Таджға жақындап бардым. Оның жанында Еуропадағы NBA штаб-пәтерінің бапкері словениялық Ванья ЧЕРНИВЕЦ бар болатын. 


- Біздің балалар қалай екен, олардың арасында көзіңізге түскендер бар ма?

Тадж: Ұлдар өте жоғары деңгейдегі дайындықты көрсетті. Олармен көбірек жеке жұмыс жасау керек. Бұл қатты көмектеседі. Баскетбол өнеріне көп уақыт бөлу керек.

- Бағдарламада бүгінде әлемдегі 50 елге аяқ басқан 80 баскетболшы-елшінің қамтылатыны хабарланды. Сіз қандай елдерде болдыңыз?

- Әдетте жылына бір рет шығамыз, содан кейін бапкерлер ауысады. Біз Қытайда және Филлиппинде болдық. Қазақстанға келер алдында Йорданияға бардық.

- Менің түсінігімде NBA ойыншылары қомақты ақша табады. Демалсаңыздар болмай ма...

(Бәрі күлді) Тадж жанқалтасын қағып, содан соң байсалды кейіппен: - Мен мұны баскетболға құштар болған соң жасаймын. Шындығында, баскетбол маған көп көмектесті -  өмірімдегі қиын кезеңдерді жеңуге күш берді. Сондықтан бұл жастар үшін өте маңызды. Өмірдің қиындығын жеңе алуы үшін мұны адамдарға жеткізе білуім керек. Мен қазір үш жерде жұмыс жасап жүрмін.

Әңгімеге Ванья араласты: Міне, Владимирге үйінде отыруға болар еді, бірақ ол баскетболды қатты жақсы көреді, мұны басқалармен бөліскісі келеді. Менің өзіме жұмыс жасауым керек. Мен ойнап жүрген кезде пәтер мен оқуымды төлеуге ғана күшім жететін.

- Пәтер қымбат болған шығар…

(Күлді) Жоқ, табысым аз болатын. Әзілдеймін ғой. Мәселе ақшада емес…

- Тадж, сіз – екі дүркін WNBA чемпионысыз, қазір Далласта бапкердің ассистенті болып жұмыс жасайсыз. Ал сіз ше, Ванья? 

- Мен Словенияның ұлттық құрамасы үшін ойнадым.

- Балаларды баскетболға қай жастан бастап беруге кеңес бересіз?

- Владимир 13 жастан, Тадж 14 жастан, мен туғаннан бастап жаттықтым. (Күлді). Мен спорттың басқа түрлерімен айналыстым.

Владимир жанкүйерлердің қоршауынан шыққан кезде, жанына бардым. Ағылшын тілінен ҚР федерациясының бапкері Ринат ӘБИТОВ аударып берді. 

- Сербия екі дүркін әлем чемпионы әрі Атлантадағы 1996 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері болды. Біздің үздік нәтижеміз: 2007 жылы негізгі құрамы «Атырау барыстары» ойыншыларынан құралған ҚР құрамасы Жаңа Зеландияда өткен жастар әлем чемпионатында 12-орын алды. Бәлкім, бізге үлкен баскетболдағы алқалар туралы армандауды доғарып, стритболға арналған алаңдарды көбірек салып, Сербия құрамасының мысалы бойынша, 3х3 форматындағы баскетболдан әлем біріншілігінің «алтынын» иелену керек шығар?

- Өз арманына опасыздық жасау ешкімге жараспайды. Өмір өте қысқа және бір рет беріледі. Тіпті, біздің ұрпағымыздың қолынан келмей жатса, нәтижеге жету үшін келесі ұрпаққа мүмкіндік беру керек. Бәлкім, ондаған жылдардан кейін ҚР құрамасы әлем чемпионатына ілігетін шығар. Сондықтан қалай болғанда да, жаттығуды жалғастыру керек. Мүмкін бұл қуанышты жайт сәл ертерек орын алатын шығар, мүмкін ешқашан орын алмас...

Егер сіз байқап көрмесеңіз, сізде мүмкіндік болды ма, жоқ па біле де алмайсыз.

- 2002 жылы сіз Сербия құрамасында әлем чемпионы атандыңыз. 2014 жылы Сербия әлем чемпионатына дейін жетіп, АҚШ құрамасына жол берген еді. Жетістікке жету құпиясы неде?

- Біздің елімізде әр уақытта баскетбол бар болатын және оны ұрпақтан ұрпаққа дамытуды жалғастырған адамдар болды. Ойын Солтүстік Америкада пайда болды, бірақ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін осы ойынды ойнаған азғана ел қалды. Олар КСРО, Югославия және АҚШ болатын. Қазір ешқашан баскетбол ойнамаған ең кішкентай елдердің өзі елдерінде баскетболды дамытуда.

Сондықтан сіздерде спорттың осы түрін дамыту – уақыт еншісіндегі процесс. 10 бапкерді алып келіп: «Біз баскетбол ойнаймыз!» деуге болмайды. Өйткені, Сербияда бойлары ұзын жастар өте көп. Олар баскетбол ойынында өте талантты. Осы факторлардың барлығы Сербияда баскетболдың табысты болуына себеп болады. 

- 208 см – сіздің табиғи бойыңыз ба, әлде таблеткамен өсірдіңіз бе?

- Табиғи. Орташа көрсеткіштер бойынша Сербия өте ұзын бойлы халық емес. Менің білуімше, голландықтар өте ұзын халық. 

- Қазір немен айналысып жүрсіз?

- Шараларға қатысамын, саяхаттаймын. Маған түрлі дамытушы бағдарламаларға қатысқан ұнайды. Әсіресе, баскетбол енді дами бастаған елдерде.

- 2019 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына кім ретінде бармақшысыз – ойыншы ма, бапкер ме, әлде жанкүйер ретінде ме? 

- Мен ойынды көрермендер залынан тамашалаймын.

- Сербия құрамасы үшін жанкүйер боласыз ба? Еліңіздің құрамасы 2014 жылдың аяғында Испанияда АҚШ құрамасынан жеңілгені үшін есе қайтарса екен дейсіз бе?

- Американдықтар – әлемдегі үздік баскетболшылар, мұны бәрі де түсінеді. Олардан жеңіліп қалу – үлкен проблема емес. Мен бұл мәселені басқаша қоямын – біз оларға қаншалықты жақындай аламыз? Сол кезде оларды жеңу туралы сөйлесуге болады.  


Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

586 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қаланы көгалдандыру жұмыстары қалай жүргізілді?  569 рет қаралды

Санжар Мадиев: Жақсы кітаптар оқыңыз  667 рет қаралды

Болашақтың энергиясын қалай тапқаным туралы   1221 рет қаралды

«Біз жеңілдікпен жүретіндерді енді тегін таси алмаймыз»  906 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5